Тәжірибе алмасу
2023 жылдың мамыр айының 4 жұлдызында М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің «Технологиялық» факультетіне қарасты «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Рахманова Ж.С., техника және технология магистрлері Касымова Г.А., Тулендиева Г.О., Сарыбаева Э.Е. және 6В07211-«Инновациялық текстиль», 6В07116-«Жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы және материалтануы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" экономикалық аймағының «AZALA Textile» ЖШС, «Bal Tekstil» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарына болашақта кәсіптік тәжірибе мен тағылымдамадан өту үшін іс сапармен танысып қайтты. Кәсіпорынның өндіріс жетекшілері өндіріс алаңдарымен, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып заманауи құрал-жабдықтарымен, жұмыс істеу процесімен, кәсіпорындағы өндіріліп жатқан дайын өнімдердің шығу барысын түсіндіріп өтті.