БОЛАШАҒЫМЫЗ ҒЫЛЫМДА!

12 сәуір ғылым қызметкерлері күні қарсаңында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетіне қарасты  «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының доценттері Маханбеталиева К.Т., Рахманова Ж.С. Тараз қаласындағы И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясына 11-сыныптар оқушыларына, университетіміздегі ғылыми жетістіктер туралы түсіндірме жұмыстарын өткізіп қайттық.

Мектепке көбінесе кәсіби бағыттау жұмыстары бойынша баратынбыз. Бұл жолғы сапарымыз өзгеше болды. Бітіруші оқушылар да түсіндірме жұмысының тақырыбын естігенде, таңқалғандарын жасырмады.

Толығырақ

Ғылыми жоба тақырыбын қалай таңдау керек?

Мектеп пен жоғары оқу орындарының байланысын арттыратын бір тақырып болса, ол – оқушылар арасында өтетін ғылыми жобалар байқауы. Жас жеткіншектерге зерттеу тақырыбы бойынша кеңесті мұғалімі берсе де, әрі қарай мәселе тақырыпты қалай ашуға болады деген сауалға келіп тірелгенде оқытушы-ғалымдардың көмегі керек-ақ. Кей кездерде тақырып таңдаудағы дәлдік жетіспегендіктен, жасөспірім зерттеушілер таңдаған бағыты бойынша тереңге бойлай алмай жататын сәттер де кездесетіні жасырын емес.

Толығырақ

Дәрілік өсімдіктердің қасиеттері зерттелуде

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, Технологиялық факультетте, «Қолданбалы биология» кафедрасында жыл сайын зерттеулер жүргізіліп тұрады. Соған қарай ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелеріне талдау жасалады. 2014 жылдан бастап біздің студенттер мен магистранттар «Фитохимия» оқу, ғылыми-өндірістік орталығында ғылыми зерттеулерді қолға алған болатын.

Осылайша, студенттер алған теориялық және практикалық білім тәжірибе жүзінде көз жеткізіп, Жамбыл облысының дәрілік өсімдіктерін зерттеуде. «Фитохимия» оқу, ғылым -өндірістік орталығының негізгі бағыттары мынадай:

  1. Жамбыл облысы флорасының дәрілік өсімдіктерінің биологиялық белсенді заттарының құрамы мен құрамын зерттеу.
  2. Әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуде қолдану үшін табиғи қосылыстар негізінде жаңа жоғары тиімді препараттарды іздеу, құру және зерттеу.
  3. Химиялық қосылыстарды бөлу және Жамбыл облысы флорасының өсімдіктерін биохимиялық зерттеу нәтижелерін практикалық қолдану.
Толығырақ

Құттықтаймыз!

12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күні және профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.
Осыған орай, Павлодар қаласында орналасқан Торайғыров университетінде жыл сайын 12 сәуір ғылым күніне орай «Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Биылда осы дәстүр жалғасып 2022 жылдың 12 сәуірі күні кезекті «XXII Сәтбаев оқулары» атты ғалымдарға, ЖОО мен колледждердің оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, докторанттар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларына арналған Халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Осынау Халықаралық конференцияға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 – Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Тажикулова Айым мен Хабидуллақызы Мадина «Жаратылыстану ғылымдары» секциясы бойынша Торайғыров университетіне барып ғылыми баяндама жасап қайтты. Нәтижесінде секциялық отырыстың қорытындысы бойынша Тажикулова Айым І дәрежелі, Хабидуллақызы Мадина ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы силықтармен, сондай-ақ, ғылыми жетекшілері х.ғ.к., профессор, академик А. Асанов пен аға оқытушы, химия магистрі С.А. Мамешова ректордың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Толығырақ

Ғылыми қызметкерлер күні

12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді.
Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 20 қазанда қол қойған Қаулысымен бекітілген. Бұл күн қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туған күнімен тікелей байланысты. Ол өзінің бүкіл өмірін туған Республикасында ғылым мен оны дамытуға арнады.  Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясын негізін қалады.

Толығырақ

Мектеппен байланыс нығаяды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Жуалы аудандық білім бөлімінің №2 Мыңбұлақ орта мектебі арасында байланыс нығая түспек. Білім мекемелері арасында орнаған ынтымақтастық оқу және маман даярлау процесінде тәжірибе алмасуға негізделген.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті атынан басқарма мүшесі - зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Нұрмұханбет пен Мыңбұлақ мектебінің директоры Нарбек Қожагелдин білім, ғылым мен мәдениет саласында тікелей және өзара ынтымақтастық орнату және оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Толығырақ

Кейс оқытушыға оқудың кез келген кезеңінде керек

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында «Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда кейстерді шешуге бағытталған тапсырмаларды құрастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Талқыланған мәселелер – әдістің тарихы; кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану; кейс әдісін қолданудың нәтижелері.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар семинарға қатысуға сұраным берген  технологиялық факультетінің окытушылары – «Текстиль, материалтану және сертификация» кафедрасының аға оқытушылары Ғ. Қасымова, Г. Түлендиева қатысып, кейстердің қолданылу тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Толығырақ

Ұлттық құндылықтар ұмытылмайды

Жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, дәстүр-салтымызды дәріптеу мақсатында «Технологиялық» факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында 3  курс студенттері мен топ кураторы Эльвира Байбазарова және Роза Баданова Ұлыстың ұлы күнінде ұлықталатын амалдар мен салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Бақыткүл Масалимова және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Бақыткүл Қабыкенқызы ұлттық құндылықтар туралы ой қозғап, топ студенттері бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіре отырып жақсы көтеріңкі көңіл күймен бастады.

Толығырақ

Әліпби мәселесі әлі де ойландырады

Латын негізді графикаға көшу мәселесі кейінге шегерілгенімен, бұ мәселені ғалымдар әлі де талқылап жатыр. Себебі, бұл жақын болашақты жүзеге асуы мүмкін қажет қадам дейді мамандар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және Дилбар Күлбаеваның  ұйымдастырған «Латын негізді жаңа әліпби – ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында  факультет деңгейінде өткен дөңгелек үстелде филологтар осы төңіректегі түйткілдерді сөз етті.

Дөңгелек үстелде бас қосқан «Химия және химиялық технология», «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушылары және технология факультетінің профессор оқытушылар құрамы мен студенттер ой-пікірлерін ортаға салды. Латын графикалы жаңа әліпбиге көшудің артықшылықтары айтылды.

Толығырақ

НАУРЫЗ – КӨКТЕМНІҢ ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ

18 наурызда «Қолданбалы биология» кафедрасында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. 6В05112- «Жалпы биология» мамандығының 1 курс студенттері Ұлыс күнінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін талқылады. Түрлі ұлттық тағамдарды әзірлеп, ойындар ойнатылды. Салт-дәстүрлер жаңғырып, соңы көктемгі көңіл - күйді көтерген шағын концертке ұласты.

Наурыз – көктемнің жаңару мерекесі! Бұл күнді бүкіл қазақстандықтар тойлайды. Ән айтып, би билейді, ұлттық ойындар мен көңілді іс-шараларға қатысады. Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі! Қазақ халқы күн мен түн теңелетін Ұлыс күнін жыл басы санайды.

Толығырақ

КОМПЛУТЕНС УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ОРНАДЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технолгия» кафедрасының Phd, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Маржан Калмаханова наурыздың 3-15 аралығында Браганса Политехникалық институтында (Португалия, Браганса), Комплутенс Университетінде (Universidad Complutense de Madrid (UCM) және Король Хуан Карлос (Universidad Rey Juan Carlos, URJC ) (Испания, Мадрид) университетіне барып ғылыми тағылымдадан өтіп келді.

Толығырақ

ЖАСТАРДЫҢ ЖОБАСЫ ТАБЫС ӘКЕЛДІ

М.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиеті ұйымдастырған «DULATY STARTUP FEST» байқауына технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасынан 11 жұмыс ұсынылған болатын. Соның ішінде оқытушы, магистр Мұрат Дәуренбек жетекшілік еткен ғылыми жоба байқаудың финалына өтіп, 2-орынға лайықты деп бағаланды.

Студенттердің кәсіпкерлікке бет бұруына жол ашатын мұндай байқаулардың маңызы зор. Бұл қадам – озық білім мен технологияларды осы салаға кеңірек енгізудің жолы. Екіншіден, осы арқылы жастардың әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларына қолдау көрсетуге мүмкіндік туады.

Толығырақ

ТАТУЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Татулық – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Алауыздық ауызбіршіліктен айырады. Берекенің өзі тыныштық пен ынтымағы асқан жерге үйір. Жастардың бойында толерантты мінез-құлық қалыптастыру үшін осы ұғымдардың мәнін түсіндіру қажет. Осы мақсатта 15 наурызда  «Химия және химиялық технология» кафедрасының бірқатар оқытушылары  доцент Х.Садиева, М. Дәуренбек, Д.Күлбаеваның «Ұлтаралық татулық және ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Өзекті тақырып төңірегінде келелі әңгіме қозғалған басқосуда кафедраның профессор оқытушылар құрамы, университеттің тәрбие бөлімінің мамандары, студенттер ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде ұлтаралық татулық, бейбітшілік, достық туралы мәселелер талқыланып, ұлттық тәрбие мен татулықтың мән-мағынасы түсіндірілді.

Толығырақ

ҰСТАЗ ӨНЕГЕСІ – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Қазақ даласындағы ұлттық мектептің қалыптасу тарихында педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі ерекше аталады. Оның ұстаздық жолымен қатар, мол мұралары жас зерттеушілер үшін әлі тың тақырып. Ұстаз еңбектерінің жастардың таным-түсінігін кеңейтіп, танымдық көзқарастарын нығайтуға да тигізер ықпалы көп.

Жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және 1-3 курс студенттері «Ұлы есімдер – Ы. Алтынсариннің өнегесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Толығырақ

"МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ЗИЯНКЕСТЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ

Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында "Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері" пәні бойынша "Жалпы биология" мамандығының 1 курс магистранттарында ашық практикалық сабақ өткізілді.

PhD доктор, "Қолданбалы биология" кафедрасының доцент м.а. Момбаева Бекзат Кунсалиевна 2022 жылдың 25 ақпанда  "Майлы дақылдар зиянкестері"  тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.

Егер дәріс кезінде білім алушы ғылыми білімнің негізін жалпылама түрде алса, практикалық сабақтар осы білімді тереңдетуге, кеңейтуге және кәсіби қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Практикалық сабақтар магистранттардың ғылыми ойын дамытады.

Толығырақ

ДӘСТҮР БОЙЫНША КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ "ЖҮРЕГІМ ТОЛҒАН МЕЙІРІМ"!

Бұл акцияның мақсаты-адамдарға қамқорлық жасау, мейірімділік, жанашырлық, көмекке келу, қарт адамдарға терең құрмет сезімін тәрбиелеу.

1-наурызда "Қолданбалы биология" кафедрасының оқытушылары мен студенттері,  125 адам тұратын әкім Каллаур-2 мекен – жайында орналасқан №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне барды.

Акция 24.02-ден басталды - 28.02.2022 жылға дейін Технологиялық факультетте және кафедрада ақшалай қаражат жинау туралы плакаттар орналастырылды, акцияның аяқталу күніне "Қолданбалы биология" кафедрасы 50 000 теңге жинады. (елу мың теньге). Барлық жиындарға 75 адамға арналған монша сөмкесі түріндегі сыйлықтар сатып алынды және 50 қарт мүгедектерге Қазақстан - шоколад сыйлады.

Толығырақ

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бәсекелі орта болғанда ғана білімге деген құштарлық артатыны белгілі. Өзара сынға түсу – оқыған-тоқығаныңды жадыңда бекемдей түсу үшін әрі бәсекелік қабілетті артту үшін қажет. Осыны ескерген М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 7М05311 Химия және 7М07112 Химиялық инженерия және процесстер білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары кафедраның 1-3 курс студенттері арасында химия пәні бойынша олимпиада өткізген болатын.

Студенттердің химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, олимпиада резервісінің дайындық жүйесін жетілдіруді көздеген магистранттар осылайша болашақ химиктерді ынталандырып, серпін берді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді. 1-кезеңде олимпиадалық тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинаған студенттер 2-кезеңге жіберілді. Қатысушылардан есептердің шығару жолы мен түсіндірмесін толық жазу талап етілді. Ал кез келген байланыс құралын пайдалануға тиым салынды.

Толығырақ

АНАЛАР – ӘН-ЖЫРДЫҢ АРҚАУЫ

Ана – өмір, ана – тіршілік өзегі. Алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылған «Ана – өмір тірегі» атты іс-шараға ұрпағы үшін бейнет кешкен аналар галлериясы арқау болды.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы Маржан Қалмаханова ұйымдастырған ашық кураторлық тәрбие сағатына университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Алуа Назарбекова, тәрбие жұмысы бойынша факультет деканының орынбасары Ғайни Анарова, кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бақытгүл Масалимова қатысты.

Толығырақ
Top