Құттықтаймыз!

12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күні және профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.
Осыған орай, Павлодар қаласында орналасқан Торайғыров университетінде жыл сайын 12 сәуір ғылым күніне орай «Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Биылда осы дәстүр жалғасып 2022 жылдың 12 сәуірі күні кезекті «XXII Сәтбаев оқулары» атты ғалымдарға, ЖОО мен колледждердің оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, докторанттар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларына арналған Халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Осынау Халықаралық конференцияға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 – Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Тажикулова Айым мен Хабидуллақызы Мадина «Жаратылыстану ғылымдары» секциясы бойынша Торайғыров университетіне барып ғылыми баяндама жасап қайтты. Нәтижесінде секциялық отырыстың қорытындысы бойынша Тажикулова Айым І дәрежелі, Хабидуллақызы Мадина ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы силықтармен, сондай-ақ, ғылыми жетекшілері х.ғ.к., профессор, академик А. Асанов пен аға оқытушы, химия магистрі С.А. Мамешова ректордың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Университет, факультет және кафедра ұжымының атынан студенттерімізді ғылым жолындағы алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен ғылыми ізденістер жолында өрлеулер тілейміз.

WhatsApp Image 2022 04 13 at 13.26.17

WhatsApp Image 2022 04 13 at 13.28.17

WhatsApp Image 2022 04 14 at 16.14.08

WhatsApp Image 2022 04 14 at 16.38.31

«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, химия магистрі Саят Әлішеріқызы Мамешова

Top