Дипломдық жұмысты сәтті қорғаумен құттықтаймыз!

2022 жылдың 16-18 маусым күндері 5В073200-«Стандарттау және сертификаттау», 5В075000-«Метрология» және 6В07511-«Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» мамандықтары (білім бағдарламасы) бойынша күндізгі және қашықтан білім алған түлектер диплом жұмыстарын қорғады. Әрбір диплом жұмысы аттестаттау комиссиясының (төрайымы т.ғ.к., доцент Булекбаева К.Б.) алдында баяндалып, тиісті бағаларын алды. Диплом жұмыстарын қорғаған 25 студенттің ішінен 6 студент қызыл диплом иегерлері атанды. Кафедра ұжымы бітіруші түлектерге ақ жол тіледі, тынбай еңбектену арқасында  Жаңа Қазақстанымыздың дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

 WhatsApp Image 2022 06 20 at 11.04.42

Top