ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫММЕН ӨТКЕН ДӘРІС

Өткен жылы ғылыми жоба жетекшілері «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі,  х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сеитовна Небраска университеті (АҚШ) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесіп ұсынылған «Аmerican Councils for International Education Kazakhstan Universities Partnerships funding» бағдарламасы бойынша «Science with a Purpose: Improving Environmental Science Capacity in Kazakhstani Universities» халықаралық ғылыми жоба 2021-2022 жылдарға 38000$ көлемінде грант жеңіп алған болатын.

Осы жобаны жүргізу мақсатында 2022 жылдың 27-30 маусымы аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасына PhD доктор, профессор-зерттеуші, Роберта Догерти атындағы азық-түлікке арналған су институтына қарасты Небраска су орталығының профессоры және табиғи ресурстар мектебінің директоры Дэниел Сноу  кафедраның 2, 3-ші курс 6В05314 – «Химия» білім беру бағдарламасының көп тілді топтарының студенттеріне арнайы тақырыпта дәріс оқыды.

Профессор Дэниел Сноу Қазақстан университеттерінде, әсіресе, STEM салаларында оқу бағдарламаларын жаңғырту және оқыту әлеуетін арттыру, жаңартылатын энергия, қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу, АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлықты қолдау үшін институционалдық әлеуетті арттыру туралы тақырыптар төңірегінде ой қозғап, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, кафедрадағы Т.М. Мұхаметқалиев атындағы физика-химиялық зерттеу орталығында студенттермен бірге заманауи зертханалық приборлармен жұмыстар жүргізу бойынша тәжірибе алмасты. Студенттер өздерін қызықтырған тақырыптар төңірегіндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ғылыми көкжиегі кең, келелі кездесу мен тағылымды дәріс студенттердің болашақтағы кәсібіне деген қызығушылығын оятты. Осындай шет елдік ғалымдармен тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса, болашақ жас мамандардың ғылымға деген қызығушылығы артатыны сөзсіз.

WhatsApp Image 2022 06 28 at 14.49.28

WhatsApp Image 2022 06 28 at 14.49.281

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы, магистр Мамешова Саят Әлішеріқызы

Top