Ғылыми жоба тақырыбын қалай таңдау керек?

Мектеп пен жоғары оқу орындарының байланысын арттыратын бір тақырып болса, ол – оқушылар арасында өтетін ғылыми жобалар байқауы. Жас жеткіншектерге зерттеу тақырыбы бойынша кеңесті мұғалімі берсе де, әрі қарай мәселе тақырыпты қалай ашуға болады деген сауалға келіп тірелгенде оқытушы-ғалымдардың көмегі керек-ақ. Кей кездерде тақырып таңдаудағы дәлдік жетіспегендіктен, жасөспірім зерттеушілер таңдаған бағыты бойынша тереңге бойлай алмай жататын сәттер де кездесетіні жасырын емес.

Осыны ескерген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушы мамандары техника ғылымдарының кандидаты Халипа Садиева және аға оқытушы Айсұлу Сәдібайқызы Тараз қаласындағы  Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында «Мектеп оқушыларына химия пәнінен ғылыми жоба тақырыбын таңдау мәселесі» тақырыбында семинар өткізді. Жалпы ғылыми жоба конкурстарына химия пәнінен тақырып таңдау  8,9,10,11 сынып арасында жүргізілетіні белгілі. Тақырып таңдалғаннан кейінгі жұмыс сол тақырып бойынша мазмұны, кіріспе бөлімі, әдебиеттік шолу және тәжірибелік бөлімі мен қорытынды бөлімін ашу үшін жүргізілетін зерттеулер екені түсінікті. Міне, ғалымдардың кеңесі осы кезде керек. Семинарда осы мәселелер бойынша оқытушылар оқушыларға қажетті ақпараттарды түсіндірді.

Оқушылар ғылыми жоба тақырыбын таңдау және жазу кезіндегі кездесетін қиындықтармен бөлісіп, университет ғалымдарынан ақыл-кеңес алды.

2

3

А. Құлажанова,

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы. 

Top