Осы тұрғыда ғылым күніне орай Дулати Университетінде бірнеше іс-шаралар өткізілді. «Су ресурстары» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы біршама ауқымды және маңызды оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар атқарды. Атап айтқанда т.ғ.к., доценті Джурымбаева Рахима Абдрахманқызы - облыс әкімінің құрмет грамотасы, т.ғ.д., доценті Омарова Ғалия Еділбекқызы - Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі «Үздік табыстары үшін» Дулати төсбелгісі, доктор PhD Абдиров Мұратхан – Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі «Үздік табыстары үшін» Дулати төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар 6В08615 - «Су ресурстарын басқару» білім бағдарламасының 3 курс студенттері Қуандық Нұрзия «Студент-Зерттеуші» атағына ие болды және академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Қойбақов Бауыржан Мелдебекұлы атынан шәкіртақысы тағайындалды және Аманғалиұлы Азаматқа – техника ғылымдарының докторы, профессор Кариев Данияр Әбіләкімұлы атынан шәкіртақысы тағайындалды.
Құрметті ғылым қызметкерлері! Мереке құтты болсын!
Сіздердің жанқиярлық, қайырымды, бірақ жиі ескеріле бермейтін еңбектеріңіздің алдында бас иеміз!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілейміз!
Сіздерге жаңа шығармашылық табыстар мен жаңалықтар тілейміз!
Сіздерге және жақындарыңызға сәттілік тілейміз!
Мерекелеріңізбен, Ғылым қызметкерлерінің күні құтты болсын қымбатты әріптестер!
«Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы
Байжігітова Мадина Төреханқызы