"Менің болашақ мамандығым!" атты тақырыпта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасы  2022 жылдың 4-11 сәуір аралығында  кафедра жоспарына сәйкес "Менің болашақ мамандығым!"атты тақырыпта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Жиынға кафедраның меңгерушісі б.ғ.к, доцент  Зияева Г.К., PhD доцент м.а. Момбаева Б.Қ, аға оқытушылар Қуандықова Г.Т., Ахауова Г.Қ.,Үкібаева Л.О.,Сарсеева Г.Б., Жанилова  А.Т. және тағы басқа оқытушылар құрамы  Тараз қаласындағы № 1,5, 7, 8, 13, 23, 26 орта мектептері бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға мамандық таңдаудың тиімді жақтарын айтып өтті. 

Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.

WhatsApp Image 2022 04 17 at 15.07.25 8

Мамандықты таңдап алу дегеніміз - өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес, ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты, яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптарына кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері, мектептегі үлгерімі, денсаулығы, мінез-ерекшеліктері, ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі. Бұл жерде кәсіби жарамдылықтың рөлі ерекше. Яғни әр мамандықтың адамға қоятын талаптары алуан түрлі. Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де, өзі үшін де тиімді. Себебі, өзің таңдап алған мамандығыңа деген қызығушылығың немесе сол мамандыққа шын ықыласың, сонымен бірге сол жұмысты қоғамның көңілінен шығатындай етіп орындасаң, бәрі де ойдағыдай болуы тиіс екендігін атап айтты.

Кәсіби бағдар жұмысы бойынша университет, факультет, кафедра жайлы презентациялар, видеороликтер көрсетіліп, буклеттер және мамандық жайлы толық ақпараттар берілді. Кездесуде оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, толық мағлұматтар берілді.

7a6f3094 0e3f 445e 8ca1 5644b2f6cfaf

10e60ca2 6263 4ab8 9c67 c0bcef3fd49c

«Қолданбалы биология» кафедрасының

 аға оқытушысы Қуандықова Г.Т.

Top