Сонымен қатар, қазіргі уақытта университетте білім алып жүрген 3, 4 курс студенттерінің де білім ала жүріп арнайы келісім-шарт негізінде өндірістік және инженерияның химиялық технологиясы, геология, тау кен ісі, автоматтандыру және басқару, энергетика, механика және құрылыс сияқты бағыттарда жұмысқа орналасуына болатындығын, олардың арнайы талаптарға сәйкес келуі керек екенін атап өтті. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін еркін меңгерген, фосфор өндірісі саласында жұмыс істеуге деген ынталарының болуы жөнінде, жұмысқа орналасу кезінде тағылымдамадан өтуі туралы да мәселелер тереңінен қозғалды.
Жалпы өндіріс орнында жұмыс істеуге ниетті студенттер алдымен сұхбаттасу, тестілеуден өту, болашақ тәлімгерімен сұхбат жүргізу сияқты арнайы сараптау сатыларынан өтуі тиіс. Кездесу соңында Әсел Тіленшиева келешекте жұмыс істеуге ниеті бар студенттермен жеке-жеке сұхбат жүргізіп әңгімелесті. Студенттерде өз тараптарынан толғандырып жүрген сұрақтарын қойып толық қанды жауаптарын ала алды.
Саят Мамешова,
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі.