Іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын негізгі халықаралық және мемлекеттік заңдармен таныстыру, балалардың өз құқығы туралы білімінің деңгейін анықтау, Балаларға өз құқығы туралы ақпарат беру және өз құқықтарын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, сонымен қатар кәмелетке толмаған студенттердің құқықтары мен міндеттерін жан-жақты талқылау.
Шара барысында Саят Әлішеріқызы кездесуге келген қонақтарға кезек – кезек сөз беріп, тақырыпқа тиісті тың ақпараттармен ой бөлісті. Баян Тасболатқызы мен Гүлшат Жетпісбайқызы Ювиналдық орталықтың жұмыс барысымен, кәмелетке толмағандардың өзіндік құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттарды студенттерге таныстырса, Асқар Болатұлы қазіргі уақыттағы жастардың қылмыстық әс-әрекетке баруының себеп-салдарлары туралы өзекті мәліметтерді ортаға салды, ал дінтанушы маман Бахтияр Қаржаубайұлы қазіргі кездегі мемлеткеттік тұрғыдан діни ахуалдың жағдайы мен діни сауаттылық туралы, қаңтардағы оқиғаның желісінде жастардың сондай оқиғаларға қатысуы, ондай іс-әрекеттерге жол бермеу үшін қарсы күрес шаралары туралы ақпараттармен ой бөлісті.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы