«Қазақстанда кездесетін сирек және жыртқыш құстардың түрлері мен олардың биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел

15.04.2022 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасының «Жас ғалым» студенттік ғылыми үйірмесінің «Жануарлар әлемі» және «Қызыл кітап» бағыттарының ұйымдастыруымен«Қазақстанда кездесетін сирек және жыртқыш құстардың түрлері мен олардың биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында орта мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Үйірме жетекшілері биология магистрлері аға оқытушылар Қуандықова Г.Т., Үкібаева Л.О. Дөңгелек үстелді «Қолданбалы биология» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., доцент Г.К.Зияева ашылу салтанатымен бастады.

Дөңгелек үстелде 13 баяндамашы презентация жасады. Мектеп оқушылары мен колледждер арасындағы орындар презентация ұсыну нәтижелері бойынша марапатталды: Шона Смаханұлы атындағы № 44 мектебі 11 сынып оқушысы Қыялбек Шұғыла 1-дәрежелі, № 3 Мемлекеттік дарынды балаларға арналаған мектептің 9 сынып оқушысы Ділтан Ақниет 2-дәрежелі, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері Бүркітбай Мөлдір және Бақыт Диана 3 - дәрежелі, Жамбыл кәсіптік теміржол колледжінің 1 курс студенті Өмірбек Аян 3-дәрежелі дипломмен марапатталынды.

4

«Қолданбалы биология» кафедрасының меңгерушісі Г.К.Зияева дөңгелек үстелге белсенді қатысқан жеңімпаздардың ғылыми жетекшілерін: Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Г.Косумованы, №3 МДБА мектебінің биология пәнінің мұғалімі М. Бекібаеваны, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің биология пәнінің мұғалімі Д.Бекмурзаеваны, ЖКТК биология пәнінің мұғалімі А.Өнербекованы алғыс хатпен марапаттады.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен «Қолданбалы биология» кафедрасының «Фитохимия» ғылыми зерттеу орталығы және «Жылыжай» эксперименттік учаскесіне саяхат ұйымдастырылып, кәсіби бағдар беру бойынша буклеттер таратылды.

Жеңімпаздарға болашақта биология мамандығын таңдап, білім және ғылым жолында қанаттары талмай еңбек етуге шақырды!

2

3

«Қолданбалы биология» кафедрасының

аға оқытушылары Қуандықова Г.Т., Үкібаева Л.О.

Top