Түсіндірме жұмыстары барысында университетте оқып жүріп, көптеген ғылыми жетістіктерге жетуге болатындығы туралы айтылды. Атап айтатын болсақ, студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы; республикалық пәндік олимпиадалар; «Студент-зерттеуші» атағын алуға арналған конкурс; ізденісті-инициативалы ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы; «Елбасы қорының Стипендиясы» байқауы; «Болашақтың ғалымдары» атты ғылым салалары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық байқауы, сонымен қатар шет мемлекеттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып, оқып келуге мүмкіншілік бар екендігі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар университет қабырғасында жүріп бірнеше шәкірт ақыларды алуға да болатындығы. Атап айтсақ, грантта оқитын студенттердің шәкірт ақысынан бөлек, университет деңгейіндегі президенттік шәкірт ақы; ғалымдар атындағы арнайы шәкіртақылар (қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженер академиясының академигі Марс Фазылұлы Үркімбаев атындағы шәкірт ақы); «Елбасы қорының стипендиясы» туралы мәліметтер де берілді.
Ізденісті-инициативалы ғылым-зерттеу жұмысының орындаушысы бола отырып, ғылыми жетекшілермен халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар шығаруға да болады. Сондай-ақ халықаралық Scopus және Web of science базаларында; ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы сапамен қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда; әртүрлі республикалық ғылыми журналдарда, университет хабаршысы журналдарында мақала жариялап, магистратураға түсуге мүмкіншілігіңізді арттыруға болатындығы туралы айтылды.
«Ғылымға деген қызығушылығыңыз – көптеген жетістіктер көзі» деген оймен түсіндірме жұмыстарын аяқтадық.
Бір қуантатыны ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2020-2022 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есе ұлғаймақ. Ал 2025 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын ғылымға кететін шығындар құрамақ.
«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының доценттері:
т.ғ.к, доцент м.а. Рахманова Ж.С., PhD докторы Маханбеталиева К.Т.