Кәсіби-бағдарлау жұмыстары
2023 жылдың қараша айының 22 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған проф. м.а. Рахманова Жансауле Сергеевна, аға оқытушы Юсупова Лаура Халидовна Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясына, №1 мектеп-гимназиясына, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясына, Сарыкемер мектеп-гимназиясына, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.
Кәсіби бағдар беру
2023-2024 оқу жылының 23 қарашасында «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Тараз қаласының «Өнер мектебі» білім алушылармен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға «Өнер мектебінің» директоры және 15 білім алушылары.
Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Қызығушылық танытып келген 15 білім алушылардың барлығы Дулати университетін таңдағанын туралы айтты. Кафедра оқытушылары Дизайн мамандығының әр бағыты бойынша ақпарат берді: мамандықтың бүгінгі күнімен болашағы, ерекшеліктері, диплом алғаннан кейін жұмысқа тұру мүмкіндіктері, шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.
Кәсіптік бағдар беру
2023-2024 оқу жылының 22 қарашасында «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Жамбыл облысының Жамбыл ауданының орта мектептерін бітіруші оқушыларға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жамбыл ауданының 11 сынып оқушыларынан 48 бала және 3 сынып жетекшілері қатысты.
Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Дулати университетін таңдаған оқушыларға шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері туралы ақпарат берілді. Соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.
«ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ОЙШЫЛ, ФИЛОСОВ М.Х. ДУЛАТИ» М.Х.ДУЛАТИДІҢ 525 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА
«Химия және химиялық технология» кафедрасының «6В05314-Химия» және «6В07115-Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен халқымыздың тұңғыш тарихшысы, ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, оң саусағынан өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын жастарға насихаттау және «Тұлға» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы ғалым, ойшыл, филосов М.Х. Дулати» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның өту барысында 2-курс студенттері Ұзақбай Жандос және Кенжеева Оксана Шығыс тарихшыларының дүлдүлі, текті атаның ұрпағы М.Х. Дулатидің өмір жолын баяндап, “Химия және химиялық технология” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.А. Сейтбекованың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейне ролигі тыңдармандардың назарына ұсынылды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тұрақтылықтың кепілі
Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленуде.
ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Бұл құбылыс ақпаратты онлайн таратудың тиімділігі мен ыңғайлылығына, географиялық шоғырлануына қарамастан ауқымды аудиторияны қамту мүмкіндігіне ие болып тұр. Сондықтанда жаңа технологиялардың даму ғасыры жастар арасында онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады. Осыған орай 2023 жылдың 13 қарашасы күні Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға кураторы Саят Әлішеіқызы Мамешова мен аға оқытушы, магистр Роза Рыскелдіқызы Баданованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде түсіндіу. Кездесуге Дулати университетінің Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2,4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында тақырып жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп, жастардың интернет желісінде экстремистік материалдарды тануға және оларға қарсы тұруға бағытталған келелі ойлар ортаға салынып, тың ақпараттар айтылды. Кездесу өте жоғары дегейде өтті. Іс-шара соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары
2023 жылдың 10 қарашасында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерімен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара екі бағыт бойынша жүргізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» және «Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл».
Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али, полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович және де «6В07511-Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», «6В07116-Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «6В07211-Инновациялық текстиль», «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты.
«Шакен Ниязбеков - 85 жылдық мерей тойы»
Шәкен Ниязбеков – қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. Даңқты суретші Шәкен Ниязбеков көзі тірі болғанда бүгін 85 жасқа толар еді. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан байрағымызды президенттер сүйіп, ант береді, тағзым етіп бас иеді. Спортшыларымыз төрткүл дүниені мойындатқан сәтте жалауымыз желбірейді.
Студенттердің арасында азаматтық патриоттық тәрбие нығайту мақсатында 23 қазан күні, Технологиялық факультет, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушы Л.Х.Юсупова, доцент Г.Б.Джумабекова және оқытушы А.К,Байдильдаеваның ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
«Shoe Center» орталығының ашылуы!
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 12 қазанында REILEAP жобасы аясында салтанатты түрде «Shoe Center» орталығы ашылды. Жобаның үйлестірушісі Николаос Билалис, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есимова және Тараз қаласының әкімдігінің өкілі салтанатты лентаны кесіп, ресми ашылумен барлық қатысушыларды құттықтады.
Орталық екі аудиторияны қамтиды: 2.4.111 және 2.3.117 аудиториялар.
Жоба серіктестері аяқ киім өнеркәсіптерінде!
Жобаның Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген шетелдік серіктестері Дулати университетінің физико-механикалық зерттеу орталығы мен наноинженерлік зерттеу лабораториясын аралағын соң Тараз қаласындағы аяқ киім фабрикаларына барды: «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Ellin Shoes» ЖШС. Олар аяқ киім өндіру технологиясымен және бұйым ассортиментімен танысты. Аяқ киім фабрикасының бас директоры мен жұмысшыларымен әңгімелесу жүргізілді. Аяқ киім өнеркәсібінің мәселелері және оны соңғы технологиялар мен 3D модельдеу арқылы шешу жолдары талқыланды.
Жоба серіктестері Дулати университетінде!
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 12 қазанында REILEAP жобасы аясында «Қазақстандағы былғары және аяқ киім өнеркәсібінің даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында уоркшоп өтті. Уоркшопқа Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген жобаның шетелдік серіктестері, Тараз қаласының әкімшілігі, Қазақстан Республикасының былғары және аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері және де университеттің бұрынғы ректоры, академик Өскенбай Мадиев қатысты. Кездесуге жалпы саны 100 адам қатысты.
ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
«Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Байжуманова Мухтар Қазыбекұлының және Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия - технологиялық университетінің ректоры Воротынцев Илья Владимировичтің құттықтау сөзімен ашылды.Іс-шараға РХТУ университеті тарапынан «Оқу бағдарламаларын дамыту және халықаралық қызмет жөніндегі» проректор орынбасары - Шахгильдян Георгий Юрьевич, АҚ «Уралхим» өкілі – Богданова Ольга Викторовна, ЖШС «Қазфосфат» персоналдарды басқару департаментінің директоры - Айтматов Абдинадир Абдисадырович қатысты.Тараптар ынтымақтастық аясында алдағы уақытта бірлесе атқаратын әріптестікті одан әрі нығайту жұмыстары туралы баяндады.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Сейітқызы, халықаралық білім беру жобасы аясында студенттердің қолайлы білім алуын қамтамассыз ету үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын атап өтті. Іс –шара «Химия және химиялық технология» кафедрасының белсенді студенттерінің өнерлерімен жалғасты.
Құнды құжат келешекке бастайтын жол
Қазақстанның әр азаматы сияқты бәріміз белгілі бір кезеңде жасылынатын Жолдаудан елді елең еткізетін жаңалық пен жылылық күтетініміз анық. Биыл да күттік. Президенттің жаңа жолдауынан елдің еңсесін көтеретін және көпшіліктің көңілінің түкпірінде екіұдай сұрақта тұрған маңызды мәселелерге де нақты жауап алды деп ойлаймын.
Оның біріншісі ел экономикасын көтеру үшін қазіргі басты міндет – елімізде мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан “өңдеу саласына жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет» деп атап көрсетті.
Демек, алдағы уақытта еліміз тек шикізат өндірмейді, оны өзімізде өңдеп одан дайын өнім алуға мүмкіндік жасалынады деген сөз. Бұл қосымша жұмыс және табыс көзі болмақ. Экономикамыз өркендеп, алдыңғы қатарға көтерілеміз деген үміт оты осы.
Елдің арасында екі ұдай пікір қалыптастырған АЭС салу мәселесіне де нүкте қойылып, референдум арқылы шешілетін болды. Бұлда аса маңызды саяси шешілетін жағдайдың бірі болатын. Бұл шешімді жұртшылық аса түсіністікпен қабылдады. Аталған референдум Тоқаев дәуіріндегі екінші рет өткелі тұрған айтулы оқиға болмақшы.
Бұл енді жариялылықтың белгісі.
Берілген уәде бойынша салынатын 400 жайлы мектеп еліміздің болашағы балаларға мемлекет тарапынан жасалынып отырған үлкен қамқорлық.
Жолдауды алғаш тыңдап шыққандағы жүрек жарды пайымдарымыз осылай боп шықты.
Салтанат Сейтказиева аға оқытушы
Президент әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарына мән берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы тыңдадым.
Жолдау барысында Ел Президенті елімізде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтіп алда тұрған басты міндеттерді атап өтті. Президент: «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді.
Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн» деді.
Шындығында да ауыл шаруаышылығымен айналысатын шаруалардың дені суды көп қажет ететін дақылдарды егетіндігі ақиқат. Мәселен биылғы жылы ағын су тапшылығын нақты сезіндік. Сондықтан алдағы уақытта Президент айтқандай, ағын суды аз қажет ететін пайдасы көбірек болатын дақылды егуді қолға алған жөн деп ойлаймын.
Дина Кульбаева,
философия ғылымдарының кандидаты
«Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі
2023 жылдың 2-4 маусымы аралығында Тараз қаласында өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шет елдерден келген өнер шеберлері мен жергілікті қолөнершілер арасында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасымен «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өткізілуде.
Көрмеге алыс-жақын шет елдері қолөнершілерімен қатар, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтар, халықаралық сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысуда.
Көрмеге «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Шебер» ғылыми-оқу-өндірістік бөлімшесінің «Басқұр» технологиясымен тоқылған бұйымдары және кафедраның зертхана меңгерушісі Бурдеева С.Н. киізден және былғарыдан қолдан жасалынған бұйымдары ұсынылып, кафедраның оқытушылары Рахманова Ж.С., Маханбеталиева К.Т., Касымова Ғ.А., Сарыбаева Э.Е., Тулендиева Г.О. және «Инновациялық текстиль» БББ студенттері белсенді қатысты.
ӨНДІРІС ПРОЦЕСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдығы оның материалдық-техникалық базасының бір бөлігі болып табылады, оның өсуі мен жетілдірілуі тауар айналымының көлемін, пайданы ұлғайтудың және олардың техникалық жарақтануын жақсартудың ең маңызды шарты болып табылады. Осы мақсатта 01.06.2023 жылы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атындағы мәжіліс залында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Халықаралық машина жасаушылар Одағының мүшесі, Шеров Карибек Тагаевичпен ғылыми өтті.
«Жаңбыр жауса жер ырысы-батыр туса ел ырысы»
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толмақ. Осыған орай, осы күнді еске алу мақсатынта, М.Х.Дулати университеттінің Технологиялық факультетінің, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге келген ардагерлер - Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы Қ.Р Құрмет орденінің иегері Қоғам белсендісі, жастар арасында АСЫЛ ЖҮРЕК номинация жүлдегері, Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы, Ауған соғысы ардагері Сембиев Нұрбақыт Оңланбекович, Ауған соғысы ардагері Сұлтан Ералы, Ардагер, фото журналист Сейітқадыров Төлепберген. Кездесудің мақсаты студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу - Ауған соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәлімет беру болды. Ауған соғысының ардагерлеріне және олардың отбасыларына құрмет көрсетуге тәрбиелеу және олардың ерліктерін жастар арасында насихаттау, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру ең бірінші мақсатымыз – деп сөз барысында айтып өтті 1-курс кураторы Л.Х.Юсупова.
«Салауатты өмір салты»
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігі мәлім. Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шинықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспеймі
Студенттердің бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында Технологиялық факультет, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары ашық кураторлық сабақ ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасу
2023 жылдың мамыр айының 4 жұлдызында М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің «Технологиялық» факультетіне қарасты «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Рахманова Ж.С., техника және технология магистрлері Касымова Г.А., Тулендиева Г.О., Сарыбаева Э.Е. және 6В07211-«Инновациялық текстиль», 6В07116-«Жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы және материалтануы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" экономикалық аймағының «AZALA Textile» ЖШС, «Bal Tekstil» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарына болашақта кәсіптік тәжірибе мен тағылымдамадан өту үшін іс сапармен танысып қайтты. Кәсіпорынның өндіріс жетекшілері өндіріс алаңдарымен, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып заманауи құрал-жабдықтарымен, жұмыс істеу процесімен, кәсіпорындағы өндіріліп жатқан дайын өнімдердің шығу барысын түсіндіріп өтті.
Подробнее ...
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
Жастарды мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің оқытушылары жыл сайын қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізеді.
2023 жылдың 25 сәуір күні “Текстиль, материалтану және стандартизация” кафедрасының т.ғ.к., д.м.а. Рахманова Ж.С., аға оқытушылар Касымова Ғ.А., Тулендиева Г.Т. Сарысу ауданы білім бөліміне қарасты орта білім беру мекемелеріне, яғни Абылайхан мектеп-лицейі, Ш.Уалиханов мектеп гимназиясы, М.Әуезов мектеп гимназиясы, Д.Қонаев, Б.Қашқынбаев, Б.Адамбаев атындағы орта мектептеріне барып, университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіріп, оқуға шақырды.
ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БЕЛСЕҢІЗ...
2023 жылдың 18 сәуір күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Маханбеталиева К.Т., Рахманова Ж.С. ғылым күніне орай Тараз қаласындағы №39 И. Панфилов атындағы мектеп-гимназиясына және №30 Ш. Мұртаза атындағы мектеп-гимназияға университеттегі студенттердің қандай ғылыми жетістіктерге жету болатындығы туралы және кәсіби бағдар жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.
«Текстиль және сапа» студенттердің ғылыми үйірмесінің жұмысы
«Текстиль және сапа» студенттердің ғылыми үйірмесі 2021-2022 оқу жылында «Текстиль өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» және «Стандартизация және метрология» кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды. Үйірменің қайта құрылуына байланысты барлық құжаттары қайта жасақталды.
2021-2022 оқу жылында үйірменің жоспары өзгертіліп, Тараз қаласының және Жамбыл облысының мектеп бітіруші оқушылары және колледждерінің білімгерлерінің қатысумен әртүрлі өзекті тақырыптарға шағын конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл - Сапа-заман талабы», «Сапа және қауіпсіздік» тақырыптарындағы шағын конференциялар, «Текстиль дизайнындағы заманауи тенденциялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кәсіби-бағдарлау жұмыстары
2023 жылдың сәуір айының 4 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., кафедра меңгерушісі Шардарбек М.Ш., т.ғ.к. Рахманова Ж.С. және аға оқытушы Касымова Г.А. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жуалы ауданынының білім бөлімі №2 Мыңбұлақ орта мектебіне, №16 С.Сейфуллин атындағы, №5 М.Ломоносов атындағы орта мектептеріне, Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейіне, №19 Д.Қонаев атындағы, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізу бойынша барып қайтты.
Кәсіби-бағдарлау жұмысы
2023 жылдың наурыз айының 29 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к. Рахманова Ж.С., PhD докторы Маханбеталиева К.Т., аға оқытушы Касымова Г.А. және «Шебер» оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінің оқу шебері Абзелбекова Ж. Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Ақшолақ орта мектебіне кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізу бойынша барып қайтты.
Іс шара барысында 11 сынып оқушыларымен және олардың ата аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!»
2023 жылғы наурыз айының 16–шы жұлдызында «Наурыз–берекем, Наурыз –мерекем!» тақырыбында 22-наурыз мерекесіне орай «Наурыз-көже» атты акциясы №1 студенттер үйінде университет көлемінде ұйымдастырылған іс-шараға Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері дастархан жайып, қазақ халқының дәстүрлі тағамдарымен Наурыз көже ұсынды. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойына тоқшылық болады!» деген сеніммен наурыз көже ішіледі.