ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ Ш. НИЯЗБЕКОВКЕ 85 ЖЫЛ

Қылқалам шебері, даңқты суретші Шәкен Ниязбеков – қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы туғанына  85 жыл толуына орай, 2023 жылдың 8-ші қазанында Технологиялық факультеті «Тамақ өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымд. профессор А.Б. Мынбаеваның және «6B07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен ұйымдастыртырылған «Қылқалам шебері Ш. Ниязбековке 85 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі,  ғасыр суретші Шәкен Ниязбековтың  еңбектерін ортаға салып, талдай отырып, студенттердің өзіндік ой-пікірлерімен бөлісу.

Аталған іс - шарада топ студенті Утегенова М. жүргізуші болып, студент Қасым А. «Қылқалам шебері Ш. Ниязбековке 85 жыл» тақырыбындағы презентациясымен таныстырды және бейнеөніммен көрсетті. Студент Дүйсенов Н. суретші Н.Ш. Ниязбековтың қылқалам шеберінің  шығармаларына шолу жасады

Дөңгелек үстел қатысушылары өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

1

2

«Тамақ өндірісі технологиясы және биотехнология»

кафедрасының қауымд. профессор А.Б. Мынбаева

Top