Біліктілікті арттыру курсы өтті

«Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығының 2023-2024 оқу жылындағы жоспарына сәйкес 2023 жылдың қараша айының 14 мен 24 аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология», «Химия және биология» және «Текстиль, материал тану және стандартизация» кафедраларының оқытушылары арналған «Аналитикалық химия» курсы өткізілді. Бұл курсты «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған професоры, т.ғ.к. Сейтбекова Гульназия Аташбековна жүргізді.

Курстың мақсаты – аналитикалық химияның классикалық және заманауи аспаптық әдістерін, тәжірибелерді орындау әдістемесін және талдау әдістері мен нәтижелерін метрологиялық бағалау әдістерін оқу.

Осы біліктілікті арттыру курсынан 28 тыңдаушы өтті. Курс соңында сертификаттар берілді.

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының қауымдастырылған

професоры, т.ғ.к.,

Сейтбекова Гульназия Аташбековна

Top