Шәкен Ниязбеков – қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. Даңқты суретші Шәкен Ниязбеков көзі тірі болғанда бүгін 85 жасқа толар еді. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан байрағымызды президенттер сүйіп, ант береді, тағзым етіп бас иеді. Спортшыларымыз төрткүл дүниені мойындатқан сәтте жалауымыз желбірейді.
Студенттердің арасында азаматтық патриоттық тәрбие нығайту мақсатында 23 қазан күні, Технологиялық факультет, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушы Л.Х.Юсупова, доцент Г.Б.Джумабекова және оқытушы А.К,Байдильдаеваның ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты - студенттердің Отан, Қазақстан, туған жер туралы ойларын кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту, тәрбиелік, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында қатысушылар баяндама оқып, әнұранды шырқады.
«Текстиль, материалтану және стандартизация»
кафедрасының аға оқытушысы Л.Х.Юсупова