ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!

30 қараша күні «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының 1 курс В23ТИППП-1,3 студенттері мен бірге көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу мақсатында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Кең - байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін».

Ендігі күні іргетасы сапалы қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ. Өйткені, қазақ деп соғар жүрегі бар әрбір алаш баласының жұмылатын тұсы, ешбір тайсалмайтын ісі де осы Тәуелсіздік болуы тиіс. Ендеше, тәу етер Тәуелсіздігіміздің туы желбіреген күні құтты болсын! 

2

3

4

«Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының

қауымдастырылған профессор міндетін атқарушыы Солтыбаева Б.Е.

Top