Кәсіптік бағдар дегеніміз мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет екенін білеміз.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде келісе отырып жыл бойы жүргізілуде. Бұл жұмысқа Университеттің технологиялық факультетінің «Тоқыма , материалтану және стандарттау» кафедрасының ұжымы белсене қатысуда. Әр оқу жылында кәсіптік-бағдарлау жұмысына арналған жоспары құрастырылып, бекітіледі.

тез3051111

Барлық оқытушылар мен қызметкерлерге бекітілген жоспар бойынша ағымдағы жарты жылдықта мектептерге барып оқушылар бойынша мәліметтерді алып жеке хабарласу тапсырылды.

Мамыр айының 3 жұлдызында, кәсіби-бағдарлау жұмысына жауапты оқытушы Л.Х.Юсупова және кафедраның доценті, PhDдокторы Г.Б.Джумабекова Тараз қаласының №17,№18 №21,№29,   мектептеріне барып, оқушыларға кәсіби таңдау бойынша жеке кеңес беру жүргізілді. Кәсіби мүдделер анықталды, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсетілді.

тех3052222

тех3053333

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының кәсіби бағдар жұмыстарына жауапты Л.Х.Юсупова

 

Top