ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БЕЛСЕҢІЗ...

2023 жылдың  18 сәуір күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Маханбеталиева К.Т., Рахманова Ж.С. ғылым күніне орай Тараз қаласындағы №39 И. Панфилов атындағы мектеп-гимназиясына және №30 Ш. Мұртаза атындағы мектеп-гимназияға университеттегі студенттердің қандай ғылыми жетістіктерге жету болатындығы туралы және кәсіби бағдар жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Түсіндірме жұмыстары барысында университетте оқып жүріп, көптеген ғылыми жетістіктерге жетуге болатындығы туралы айтылды. Атап айтатын болсақ, студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы; республикалық пәндік олимпиадалар; «Студент-зерттеуші» атағын алуға арналған конкурс; ізденісті-инициативалы ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы; «Елбасы қорының Стипендиясы» байқауы; «Болашақтың ғалымдары» атты ғылым салалары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық байқауы, сонымен қатар шет мемлекеттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып, оқып келуге мүмкіншілік бар екендігі туралы ақпарат берілді.

 Сонымен қатар  университет қабырғасында жүріп бірнеше шәкірт ақыларды алуға да болатындығы. Атап айтсақ, грантта оқитын студенттердің шәкірт ақысынан бөлек, университет деңгейіндегі президенттік шәкірт ақы;  ғалымдар атындағы арнайы шәкіртақылар (қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженер академиясының академигі Марс Фазылұлы Үркімбаев атындағы шәкірт ақы); «Елбасы қорының стипендиясы» туралы мәліметтер де берілді.

Ізденісті-инициативалы ғылым-зерттеу жұмысының орындаушысы бола отырып, ғылыми жетекшілермен халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар шығаруға да болады. Сондай-ақ  халықаралық Scopus және Web of science базаларында; ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы сапамен қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда; әртүрлі республикалық ғылыми журналдарда, университет хабаршысы журналдарында мақала жариялап, магистратураға түсуге мүмкіншілігіңізді арттыруға болатындығы туралы айтылды.

2

3

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары

PhD докторы, қауымд. проф., м.а. Маханбеталиева К.Т.

т.ғ.к, қауымд.проф.м.а. Рахманова Ж.С.

Top