2023 жылғы наурыз айының 16–шы жұлдызында «Наурыз–берекем, Наурыз –мерекем!» тақырыбында 22-наурыз мерекесіне орай «Наурыз-көже» атты акциясы №1 студенттер үйінде университет көлемінде ұйымдастырылған іс-шараға Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері дастархан жайып, қазақ халқының дәстүрлі тағамдарымен Наурыз көже ұсынды. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойына тоқшылық болады!» деген сеніммен наурыз көже ішіледі.
Баршаңызды наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлыстың ұлы күні–Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт-береке әкелсін деген ізгі ниетпен барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз!
Технологиялық факультеті
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі,
Мурзакасымова Н.С.