«Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі
2023 жылдың 2-4 маусымы аралығында Тараз қаласында өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шет елдерден келген өнер шеберлері мен жергілікті қолөнершілер арасында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасымен «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өткізілуде.
Көрмеге алыс-жақын шет елдері қолөнершілерімен қатар, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтар, халықаралық сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысуда.
Көрмеге «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Шебер» ғылыми-оқу-өндірістік бөлімшесінің «Басқұр» технологиясымен тоқылған бұйымдары және кафедраның зертхана меңгерушісі Бурдеева С.Н. киізден және былғарыдан қолдан жасалынған бұйымдары ұсынылып, кафедраның оқытушылары Рахманова Ж.С., Маханбеталиева К.Т., Касымова Ғ.А., Сарыбаева Э.Е., Тулендиева Г.О. және «Инновациялық текстиль» БББ студенттері белсенді қатысты.