Жоба серіктестері Дулати университетінде!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 12 қазанында REILEAP жобасы аясында «Қазақстандағы былғары және аяқ киім өнеркәсібінің даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында уоркшоп өтті. Уоркшопқа Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген жобаның  шетелдік серіктестері, Тараз қаласының әкімшілігі, Қазақстан Республикасының былғары және аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері және де университеттің бұрынғы ректоры, академик Өскенбай Мадиев қатысты. Кездесуге жалпы саны 100 адам қатысты.

Кездесуді Жобаның үйлестірушісі Николаос Билалис және Дулати университетінің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есимова сөз алып бастады. Николаос Билалис университеттің профессор-оқытушылар құрамын және студенттерін Крит техникалық университетімен (Грекия), Богдан Русу мен Арина Сеул Георге Асаки Ясси техникалық университетімен (Румыния), Мехмет Мете Мутлу Эге университетімен (Түркия) таныстырды.

Кездесу кезінде Өзбекстанның екі университетімен Меморандумға қол қойылды: Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты және Джизак политехникалық институты.

Кездесу барысында Дилобар Зуфарова ("Узчармсаноат" ассоциациясы, Өзбекстан) «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламасының 2,3 және 4 курс студенттерін «UZCHARM Style 2023» аяқ киімнің, аксессуарлардың, былғары мен үлбірден жасалған бұйымдардың жас дизайнерлерінің бірінші халықаралық байқауында алған III орындарымен құттықтап, дипломдарын табыс етті.

Кездесу жоба аясында «Shoe Center» орталығының ашылуымен жалғасты.

image002

image003

image004

Байдильдаева А.К.

Top