«Текстиль және сапа» студенттердің ғылыми үйірмесінің жұмысы

«Текстиль және сапа» студенттердің ғылыми үйірмесі 2021-2022 оқу жылында «Текстиль өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» және «Стандартизация және метрология» кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды. Үйірменің қайта құрылуына байланысты барлық құжаттары қайта жасақталды.

2021-2022 оқу жылында үйірменің жоспары өзгертіліп, Тараз қаласының және Жамбыл облысының  мектеп бітіруші  оқушылары және колледждерінің білімгерлерінің қатысумен әртүрлі өзекті тақырыптарға шағын конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.  Осы уақытқа дейін «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл - Сапа-заман талабы», «Сапа және қауіпсіздік» тақырыптарындағы шағын конференциялар, «Текстиль дизайнындағы заманауи тенденциялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Былтырғы оқу жылында үйірме студенттері «Жас ғалым» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында біршама жетістіктер болды. Мәселен дәл осы конференцияда Гаухар Абдрахман I  дәрежелі дипломмен және Арайлым Серікбаева III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар үйірме қатысушысы Нұрай Маханбет «Студент-зерттеуші» атағына ие болды.

Биылғы оқу жылында «Текстиль және сапа» студенттер ғылыми үйірмесінде  трикотаж бұйымдарының бірнеше ассортименттерін тоқып шығарды. Студенттер бұл бұйымдарды қуана киіп, жарнама суреттеріне түсті.

Бұл да бір студенттік өмірдің қызықты сәттерінен әдемі көрініс деп білеміз!

2

3

4

«Текстиль және сапа» СҒҮ жетекшісі

PhD докторы, доцент м.а.

Маханбеталиева Камшат Торғайбайқызы

Top