Кездесуде болашақ мамандық таңдау бойынша оқушылар мен ата-аналардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің барлық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша, соның ішінде аталған кафедраға қарасты 6В07211 - «Инновациялық текстиль» және 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” және 6В07511 - Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпараттар берілді.
Іс –шараға кафедраның «Шебер» және «Өрнек» оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелерінде студенттердің өздері дайындаған әртүрлі текстиль бұйымдары көрсетілді.
«Шебер» оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінен түрлі сәнді замануи трикотаж бұйымдарының түрлері көрсетілді. «Өрнек» оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінен басқұр технологиясы бойынша тоқылған сөмкелер, ұлттық нақыштағы балаларға және ересектерге арналған жилеттер, әртүрлі кәдесыйлар, киіз үй жабдықтары және кілемшелер көрсетілді. Бұйымдарды келген қонақтар қызыға тамашалады.
«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары:
т.ғ.к. Рахманова Ж.С., PhD докторы Маханбеталиева К.Т., аға оқытушы Касымова Г.А.