М.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиеті ұйымдастырған «DULATY STARTUP FEST» байқауына технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасынан 11 жұмыс ұсынылған болатын. Соның ішінде оқытушы, магистр Мұрат Дәуренбек жетекшілік еткен ғылыми жоба байқаудың финалына өтіп, 2-орынға лайықты деп бағаланды.
Студенттердің кәсіпкерлікке бет бұруына жол ашатын мұндай байқаулардың маңызы зор. Бұл қадам – озық білім мен технологияларды осы салаға кеңірек енгізудің жолы. Екіншіден, осы арқылы жастардың әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларына қолдау көрсетуге мүмкіндік туады.
«Жылдам жасалатын ботқа» («Быстрая каша») жобасының авторлары – 3 курс студенттері Виктория Титова, Аружан Асқарқызы, Елизавета Петрова және Ердаулет Даулеткелдиев. Новаторлар финалда өз жобаларын сәтті қорғап, 2-орынды жеңіп алды. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы 200 000 тг сертификат пен диплом табыс етілді. Жеңімпаздарға факультет және кафедра ұжымының атынан келешектегі жұмыстарына сәттіліктер мен толағай табыстар тілейміз. Жеңістеріміз көп болсын!
Бақытгүл Масалимова,
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі
х.ғ.к., профессор.