АНАЛАР – ӘН-ЖЫРДЫҢ АРҚАУЫ

Ана – өмір, ана – тіршілік өзегі. Алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылған «Ана – өмір тірегі» атты іс-шараға ұрпағы үшін бейнет кешкен аналар галлериясы арқау болды.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы Маржан Қалмаханова ұйымдастырған ашық кураторлық тәрбие сағатына университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Алуа Назарбекова, тәрбие жұмысы бойынша факультет деканының орынбасары Ғайни Анарова, кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бақытгүл Масалимова қатысты.

2 2

Алуа Ахмедиярқызы, Бақытгүл Қабыкенқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттер ана туралы өлеңдерді нақышына келтіре оқып, әннен шашу шашты. Сондай-ақ, студенттер мереке иелеріне өз жыр-лебіздерін арнады. Шара соңында қатысушылардың жанын жадырататын, көңіл күйлерін көтеретін тақырыптық ойын ойнатылып, хормен ана туралы ән шырқалды.

Саят Мамешова,
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, магистр.

Top