«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАР БАРЫСЫ ПОПУЛЯЦИЯСЫ САНЫНЫҢ МЕКЕНДЕУ ОРТАСЫНА КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРДЫҢ ӘСЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылдың қараша айында Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында шетелдік серіктес, философия докторы, Небраска, Линкольн университетінің зерттеуші-профессоры, Джанай Сагинмен халықаралық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа зерттеу жобаларының көмегімен серіктестікті кеңейту.

Бірнеше күн бойы философия докторы Джанай Сагин ғылыми жобалар бойынша өзінің халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, Орталық Азия университеттерінің серіктестік бағдарламасы бойынша Американдық кеңестің (UniCEN) қаржыландыруына қатысты барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Джанай Сагин халықаралық жобалар үшін кейбір өзекті тақырыптарға шолу жасады, оның ішінде "Қолданбалы биология" кафедрасы біздің Республика аумағындағы қар барысының популяциясын зерттеу және сақтау жөніндегі халықаралық жобаның бағытын таңдады.

2

"Қолданбалы биология" кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., доцент Зияева Гүлнар Керімбекқызы, б.ғ.к., доцент Байтелиева Анар Мұратқызы, оқытушы, магистр Голикова Ксения Николаевна, 2-курс студенті Умаров Арслан қар барысы бойынша бірлескен халықаралық жоба бойынша жұмыс жүргізе бастады.

3

Кафедра оқытушысы
"Қолданбалы биология"
Голикова К.Н.

Top