ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бәсекелі орта болғанда ғана білімге деген құштарлық артатыны белгілі. Өзара сынға түсу – оқыған-тоқығаныңды жадыңда бекемдей түсу үшін әрі бәсекелік қабілетті артту үшін қажет. Осыны ескерген М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 7М05311 Химия және 7М07112 Химиялық инженерия және процесстер білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары кафедраның 1-3 курс студенттері арасында химия пәні бойынша олимпиада өткізген болатын.

Студенттердің химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, олимпиада резервісінің дайындық жүйесін жетілдіруді көздеген магистранттар осылайша болашақ химиктерді ынталандырып, серпін берді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді. 1-кезеңде олимпиадалық тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинаған студенттер 2-кезеңге жіберілді. Қатысушылардан есептердің шығару жолы мен түсіндірмесін толық жазу талап етілді. Ал кез келген байланыс құралын пайдалануға тиым салынды.

Сонымен, екі кезеңнің қорытындысы бойынша Аяулым Дарханбек жеңімпаз атанды. Қазақстанның үздік оқытушысы, PhD докторы, доцент міндетін атқарушы Маржан Қалмаханова жетешілік жасаған студенттің пәндік олимпиадада жеңіске жетуі – заңдылық, әрине.

2 3

2-орыннан көрінген Ғанипа Қали, Альфира Искаирова да – Маржанның шәкірттері. Ал 3-орынды иеленген Нұрайлым Асылбектің жетекшісі – PhD докторы доцент міндетін атқарушы А.Нұрлыбаева. М.Қалмаханова мен аға оқытушы, магистр Саят Мамешова жетекшілік етіп жүрген Аяулым Ахметжанова, Асланбек Мұсылманқұлов та үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Top