ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК

2021 жылдың  10 желтоқсан күні Технологиялық факультеті  «Химия және химиялық технология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кафедраның аға оқытушысы С. М. Кантарбаева  мен  т.ғ.к., доцент Х. Р. Садиеваның ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараға факультеттің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ. С. Анарова, кафедраның профессор оқытушылар құрамы мен  1 - 4 курс студенттері  қатысты.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттердің білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, білімге деген ынтасын арттыру.

Ашық кураторлық  сағаты үш кезең бойынша өткізілді,  бірінші кезеңде «Әрқашанда алды бол, артыңдағыны ұмытпа! Болашағыңды бүгіннен ойла, тарихыңды ұмытпаайдарында студенттерден сұрақ - жауап алынды. Екінші кезеңінде сандар сөйлейді айдарында біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығының ірі 30 серпілісін және әрбір жылда қол жеткізген жетістіктер мен толағай табыстарға тоқталып, атап өтілді. Үшінші кезеңде «Шарықтау» (ұяшық таңдау) айдарында белгілі Тұлғалар, Ескерткіштер және Ұйымдар туралы сұрақ жауап алынды. Сонымен студенттерге бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы екендігі баяндалып,  іс-шара соңында кафедра оқытушылары мен студенттеріне арнап меркелік құттықтау тілектер айтылды.

«Химия және химиялық технология» кафедрасы

т.ғ.к., доцент Садиева Халипа Рыскуловна

Top