«ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ»- ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ БАҒДАРЫ

3 – ші желтоқсан 2021 жылы Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, топ кураторы С. М. Кантарбаева және 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын талқылау, маңыздылығын насихаттау мақсатында ашық кураторлық сағаты  өткізілді.

Тәуелсіздік біздің де ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы еді. Бүгінде сол арманымыздың орындалып таңымыздың арайлап атып, Егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев партияның маңызды жиынында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алғанымызды айта келіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар болар "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидатын ұсынды. Елбасы «табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету» екенін үнемі айтып келеді. Өскелең ұрпаққа білімге құштар болуы – келешек кепілі. Елбасы жастарға үндеуінде осы ойды меңзеген. Осылайша біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз. Жалпы алғанда Елбасы санамалап өткен бұл құндылықтар әрбір жастың жетістікке жету, қоғамға пайдалы адам болып, өнім беру жолындағы басты қағидаларына айналуы тиіс. Жеті санын бабаларымыз қасиетті сан деп пайымдаған.

Қатысушы студенттер тәуелсіздік пен мемлекеттілік, білім, өнер мен мәдениет, прагматизм, руханилық жайында мазмұнды ойларын айтып, тәуелсіздікті сақтау, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасымыздың мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайтудағы рөлі жайында пікірлерін айтты. Жастардың өзін-өзі дамытуына, білім алуына және сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалған.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, химия магистрі
Кантарбаева Сауле Мейрхановна

Top