8-НАУРЫЗ КҮНІМЕН!
8 наурыз мерекесіне орай, әскери кафедраның ер азаматтары университет әйелдерін құттықтап, әскери кафедраларға құттықтау хаттарын жолдады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Санғатұлұлының жұбайын құттықтады.
Әскери кафедра офицерлері 8-наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін шығарды.
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН ЖЕТКІЗУ
2021 жылдың 4 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тәрбие жұмысы департаменті дін орталығының» басшысы Б.К. Алпысбай және запастағы полковник Н.К. Егізеков әскери кафедрада террористік актілерді болдырмау, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылықтан бас тарту сезімін тәрбиелеу мақсатында студенттерге Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңын жеткізді.
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ АҒАДІЛ СУХАМБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқу залында Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының журналистика ардагері Тұрсынхан Толқынбайұлы, Байзақ ауданының Құрметті азаматы, М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің профессоры Үсембаев Болат Үсембайұлы шақырылды. Ардагерлер қоғамынан Түйебеков Нұржан Жапарұлы және әскери кафедраның аға оқытушысы, магистр, отставкадағы подполковник Жұмабеков Ұлықбек Жұмабекұлы қатысты.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес, әскери кафедрада студенттерінің арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау» бойынша байқау өткізілді.
Іс-шараға университет ректоры Е. Әмірбекұлы және проректор Н.Ә. Бейсен қатысты.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқу орындарының білім алушыларымен іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде университет факультеттері мен кафедраларына танысу экскурсиялары жүргізіледі.
2021 жылдың 18 ақпанында Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Ж. Жылысбаева әскери кафедраға келді.
ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
2021 жылдың 15 ақпанында отыз екі жыл бұрын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарыла бастады. Осы атаулы күнге әскери кафедрада студенттермен ерлік сабағы өтті. Осы тақырыптық іс-шараға интернационалист-жауынгер, аға сержант Жүнісәлиев Тұрсын Тұратұлы шақырылды.
Соғыс қимылдарына қатысушы, соғыс ардагері Ұлы Отан соғысынан кейінгі ұзақ уақытқа созылған және ауқымды жергілікті жанжал болып табылатын Ауған соғысы туралы естеліктерімен бөлісті. Ол Отан алдындағы азаматтардың ерлігі, батырлығы мен парызы туралы өзінің көзқарасын ашып айтты. Жауынгерлік ұрыс-қимылға қатысушының әңгімесі Ауған оқиғалары туралы деректі фильмді көрсетумен бірге жүрді.
ҚАБЫРҒА ГАЗЕТІН ШЫҒАРУ
15 ақпан – интернационалист жауынгерлерді еске алу күні, отыз екі жыл бұрын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарыла бастады. Осы атаулы күнге әскери кафедра студенттері қабырға газетін шығарды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ
2021 жылдың 9 ақпанында әскери кафедра студенттерімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Цикл бастығы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев тыңдаушыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан жоғары сенімнің көрінісі болып табылатынын және мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қоятынын жеткізді.
Кодекс мемлекеттік мекемелерде жоғары мәдениетті қалыптастыруға, қоғамның сенімін нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ студенттерге Әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМ
2021 жылдың 8 ақпанында әскери кафедра студенттерімен қашықтықтан жүргізу форматында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев «Орталық Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында сабақ өткізді.
Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Тәрбие жұмысы департаменті дін орталығының» басшысы Б.К. Алпысбай қатысты.
Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, экстремизм және терроризмнің көріністері Орта Азия мен Қазақстанда таралу себептері мен салдары талқыланды.
ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ АТЫСТАРЫ
2021 жылдың 5 және 9 ақпан күндері «Айша-Бибі» оқу полигонының әскери атыс алаңында кәсіби дайындық жоспары мен оқу атыстарын өткізу кестесіне сәйкес әскери кафедра офицерлерінің Калашников АК-74 автоматынан және Макаров ПМ тапаншасынан жоспарлы атыстары өтті. Атыс жетекшісі қауіпсіздік шараларының талаптары және оқу атыстарының жаттығуларын орындау тәртібі туралы нұсқау өткізді.
Оқу атыстары әскери кафедра офицерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2021 жылдың 5 ақпанында тәжірибе алмасу мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасына Алматы қаласы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті әскери кафедрасының меңгерушісі, полковник Строков Евгений Николаевич келді.
Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев және әскери кафедра офицерлері кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақтарымен және әскери техникаларымен таныстырды.
Өз сапарының соңында полковник Е.Н. Строков барлық ұжымға Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді даярлауда табыс тіледі.
ПОЛКОВНИК Б.С. ҚАЙЫРОВТЫҢ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА КЕЛУІ
2021 жылғы 26 қаңтарда ҚР ҚМ әскери Білім және ғылым Департаменті техникалық және кәсіптік білім беру бағытының аға офицері, полковник Қайыров Бақтұр Сайранұлы әскери кафедраға келді. Әскери кафедраның басқарушысы полковник С.А. Мұқышев және әскери кафедраның офицерлері кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникаларымен таныстырды.
Өз сапарының соңында полковник Б.С. Қайыров профессор-оқытушылар құрамына болашақ запастағы офицерлерді даярлаудың жоғары деңгейін одан әрі қамтамасыз етуге тілек білдіріп, құрметті келушілер кітабына жазба қалдырды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ИНЖЕНЕРЛІК ӘСКЕРЛЕР КҮНІ
2021 жылдың 21 қаңтарында әскери кафедрада инженерлік әскерлер күні мерекесіне орай, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаевтың басшылығымен әскери кафедра қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді.
Өз сөзінде ол бүгінгі таңда инженерлік әскерлер қазақстандық армияда маңызды рөл атқаратынын, бейбіт уақытта инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіретінін, ал әскери қызметте әскерлерді үздіксіз ұрыс жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ететінін атап өтті.
ОФИЦЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ
Бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап әскери кафедраның офицерлік құрамымен кәсіби дайындық бойынша сабақтар басталды.
ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
Әскери кафедра ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері М.С. Хайруллиннің жұбайын 2021 жаңа жылы мен құттықтады.
ЖАҢА 2021 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ
Университеттің акт залында Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы атты іс-шара болып өтті. Оған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректордың м.а., педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Сарыбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор «Бауыржантану» ҒЗО-ның жетекшісі Мекемтас Мырзахметұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әскери ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери ғылымдар Академиясының толық мүшесі Ким Серікбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлұлы және әскери кафедра офицерлері қатысты.
КАДРЛАР ДАЙЫНДАУҒА-БІЗДІҢ ҮЛЕСІМІЗ
Тарихы терең әскери кафедрамызға – 57 жыл... Біз осы мерейтойымызға әскери кафедра ұжымы лайықты қошеметтеуге тұрарлық жетістіктермен келіп отырмыз.
Подробнее ...
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында университет, колледж студенттері және орта мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбиелеу бағыты бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай әскери кафедра офицерлері «Жеңіс» саябағындағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза болған батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА 57 ЖЫЛ
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының құрылғанына 57 жыл толуына орай, әскери кафедра басқарушысы, магистр, полковник С.А. Мұқышев қызметкерлердің қатысуымен әскери кафедраның құрылуына арналған жиналыс өткізді.
Жиналысты өткізу барысында магистр, полковник С.А. Мұқышев қызметкерлерге әскери кафедраны қалыптастырған басшылар туралы, әскери кафедра құрылуының бастауында тұрған офицерлер мен жетістіктер туралы айтып өтті.
«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» 90 ЖАСТА!
«Қазақ вальсінің королі», ҚР Әнұранының автороарының бірі – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай, Түркістан облысының Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған балалар саз мектебінің алдына ұлы композиторлың ескерткіші ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қатысып, гүл шоқтарының қойылуымен аталған іс-шаралар мәресіне жетті.
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жылдығына арналған іс-шаралар композитордың туған күні 2020 жылдың 15 тамызынан басталған еді. Шәмші ауылында композитор атындағы «Шәмші саябағы» ашылып, ескерткіш қойылды. Саябақтың төрінде мұражай ашылды.
БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ...
« Тәуелсіздік алу – қиын, ал оны сақтап қалу одан да қиын ». Осы бір сөзді еліміздің тұнғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты жиын-дарда халықымыздың қаперіне салып келеді. Бұл тектен-тек айтыл-маған сөз... Егер Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің басынан өткен түрлі жағдайларды сараптай қарасаңыз, бұған анық көз жеткізер едіңіз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
2020 жылдың 14 және 15 желтоқсанында ZOOM платформасында қашықтықтан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында онлайн-форматта әңгіме жүргізілді, оған әскери кафедрада оқитын екінші және үшінші курс студенттері қатысты.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның мемлекеттілігінің тарихы, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы, жаһандану және өңірлік интеграция проблемаларының өзекті мәселелері талқыланды.
Әскери кафедраның офицерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қабырға газетін шығарды.
МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ.
2020 жылдың 10 мен 15 желтоқсан аралығында басшылық құжаттарға сәйкес әскери кафедрада материалдық құралдарды түгендеу өтті.
Материалдық құралдарға түгендеу жүргізу барысында Комиссия құрамы техниканың, мүліктің және басқа да материалдық құралдардың бар-жоғын тексерді. Түгендеу 85395 әскери бөлімі өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.
Түгендеу қорытындысы бойынша актілер жасалды ескертулер жоқ.