БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ

Университеттің акт залында Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы атты іс-шара болып өтті. Оған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректордың м.а., педагогика ғылымдарының докторы,  профессор М. Сарыбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор «Бауыржантану» ҒЗО-ның жетекшісі Мекемтас Мырзахметұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әскери ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери ғылымдар Академиясының толық мүшесі Ким Серікбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлұлы және әскери кафедра офицерлері қатысты.

Top