Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А. Ж. Байсалбаев әскери кафедраға келуі

2022 жылы 23 қарашада Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Ж. Байсалбаев М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды. Әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев оны әскери кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникасымен таныстырды.

Сапарының соңында әділет полковнигі А.Ж. Байсалбаев құрметті қанақтар кітабына жазба жасап, Қазақстандағы әскери білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, Қазақстандық жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде және Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды даярлауда одан әрі табыс тіледі.

Толығырақ

М. Уркумбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою

2022 жылғы 23 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Жастар сарайы" аумағында ғалым Марс Уркумбаевтың туған күніне орай запастағы полковник Қ.Ш. Сағымбаев пен "Болашақ сардар" әскери-патриоттық клубының студенттері ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты.

Толығырақ

«Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында студенттермен әңгіме

2022 жылғы 14 мен 18 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында әңгіме өткізілді.

Запастағы полковник Қ.Ш. Сағымбаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып, алкоголь мен есірткі заттарының зиянды әсері туралы білімдерін едәуір кеңейтті..

Әңгіме мақсаты: Қазіргі әлемдегі проблеманың өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

2022 жылы 10 қарашада әскери кафедра студенттерімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы тақырыбында цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу шараларын талқылау, студенттердің азаматтық ұстанымын, патриоттылығын қалыптастыру, саяси сауаттылығын арттыру.

Толығырақ

Әскери қызметке шақыру жөніндегі үгіт-насихат іс-шарасы

2022 жылы 28 қазанда сағат 16.00-де әскери кафедраның акт залында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша түлектерімен және студенттерімен үгіт-насихат         іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараға: ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы басқармасының бастығы полковник Д. Ш. Ахметов, ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің тәрбие идеологиялық және кадр жұмысы бөлімінің аға офицері майор Г.М. Челенбаев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасышылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының аға офицері полковник А.И. Жүсіпов қатысты., «Оңтүстік» ерік әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері подполковник А.К. Жақсылық және «Оңтүстік» ерік әскерлері қолбасшысы басқармасының кадр жұмысы басқармасының аға офицері капитан Б.П. Байкеев қатысты.

Толығырақ

ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

2022 жылғы қазан айының 10 мен 21 аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпы тактика» және «Әскери топография» пәндері бойынша оқу полигонында практикалық сабақтар өткізілді.

Аталған практикалық сабақтар студенттердің «Жалпы тактика» және «Әскери топографиядан» алған әскери білімдерін кеңейтті. 

Толығырақ

Республика күні

2022 жылғы 17 мен 21 қазан аралығында әскери кафедра студенттерімен Республика күніне арналған әңгіме өткізілді. Әскери кафедра оқытушысы отставкадағы майор Оңалбеков Қ.Ә. мерекенің тарихы мен жаңғыруын тыңдаушыларға жеткізді.

25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.

Мұндай іс-шаралар студенттерге патриотизм сезімін оятуға, өз елінің тарихы туралы көбірек білуге көмектеседі.

Толығырақ

Әскери кафедра офицерлері мен студенттері Республика күніне арналған салтанатты іс -шараға қатысты.

«Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына кіру

2022 жылы 14 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасында  запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына кірудің кезекті мәжілісін өткізді.

«Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының қатарына жаңадан сайланған екінші курс студенттері салтанатты түрде қабылданды.

Жаңадан сайланған студенттер 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шараларды өткізу жоспарымен.

Толығырақ

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізу

2022 жылдың 10 мен 14 қазан аралығында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Бұл дәрістің мақсаты студенттерге әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттерін және әлеуметтік қамтамасыз етілуін жеткізу болды.

Толығырақ

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНЕ ШАҚЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮГІТ-НАСИХАТ ІС-ШАРАСЫ

2022 жылғы 30 қыркүйекте әскери кафедраның акт залында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне шақыру бойынша әскери кафедра студенттерімен үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі департаменті бастығының тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полковник    С.С. Шубаев қатысты.

ҚР ҰҚК шекара қызметінің өкілі шекара қызметі туралы баяндама жасап, онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның негізгі ережелерін, армияның имиджі мен шекара қызметін өткерудің қабылдауы туралы айтып, шекара қызметіне шақыру үшін құжаттарды ресімдеу бойынша практикалық ұсыныстар берді және әскери кафедра студенттерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында лайықты орын алуға шақырды.

Іс-шара соңында ҚР ҰҚК шекара қызметінің өкілі шақыру бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ

Қазақстан халқының тілдер күні.

2022 жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының акт залында студенттермен Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениеті, тарихы, болмысы туралы әңгімелейтін іс-шаралар өткізілді.

Жетекшілер мен кураторлар студенттерді қазақ тілінің дамуы және оның таралуымен, өз халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ғана құрметтеп қоймай, сондай-ақ кең байтақ елімізді мекендеген басқа да ұлттарды құрметтеу керек екендігімізді жеткізді.

Толығырақ

Әскери саланың ғалымы

Әскери ғылымның қыр-сырын екінің бірі біле бермейді. Қорғаныс саласының мықты мамандарын даярлау үшін де ғылыми негіз керек. Сондықтан әскери ғылымдар мамандығы бойынша білім беру ісіне баса мән беріледі. Бұл бағытта нақты жоспарлар шеңберінде жұмыс жүргізіледі. Жақында әскери ғылымдар мамандығы бойынша осы салада көп жылғы ізденісте жүрген ғалымдарға профессор ғылыми атағы берілгені – соның бір көрінісі.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 378 бұйрығы негізінде 20.00.00 – әскери ғылымдар мамандығы бойынша Сағат Амангелдіұлы Мұқышевқа

қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Әріптесімізді ғылым жолында қол жеткізген жетістігімен құттықтаймыз!

Толығырақ

Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіровтің бюстінің ашылу рәсімі

2022 жылдың 10 қыркүйегінде әскери кафедра студенттері Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіров бюстінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бюст Талас ауданының Сәду Шәкіров атындағы ауылында ашылды.

Толығырақ

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша конференция

2022 жылдың 8 қыркүйегінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының студенттері Тараз қаласының Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбында өткен конференцияға қатысты.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес әскери кафедрада жаңа 2022-2023 оқу жылы басталды.

Оқу күні жеке құрамның сапқа тұруы және әнұранды орындауымен басталды. Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқытушылар құрамымен таныстырды. Куратор-офицерлер студенттерге әскери кафедрада оқу тәртібін және сабақ өткізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізді.

Толығырақ

2022-2023 жаңа оқу жылына дайындық

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының мәжілісінде әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттердің 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2022-2023 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларын және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеттері қойылды.

Толығырақ

Бітіру емтихандары

Бітіру емтихандары 2022 жылдың 4 тамыз күні басшылық құжаттарға сәйкес өткізілді.

2022 жылғы оқу жиыны жеке құрамның саптық алаңда сапқа тұруымен және студенттердің взвод құрамында саптық әнді орындауымен аяқталды.

Толығырақ
Top