ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес әскери кафедрада жаңа 2023-2024 оқу жылы басталды.

Оқу күні жеке құрамның сапқа тұруы және әнұранды орындауымен басталды. Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқытушылар құрамымен таныстырды. Куратор-офицерлер студенттерге әскери кафедрада оқу тәртібін және сабақ өткізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізді.

 2

Top