ОҚУ ЖИЫНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН САБАҚТАР ӨТКІЗУ

2021 жылғы 16 шілдеде әскери кафедрада оқу жиынының студенттерімен Тараз гарнизоны әскери полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе офицері аға лейтенант А.К. Әлібеков «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында және Тараз гарнизоны әскери госпиталінің дәрігер неврапатологы медициналық қызмет капитаны Д.Т. Ходжаева «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында сабақтар өткізді.

Толығырақ

ҮНДІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ КЕЛУІ

2021 жылғы 12 шілдеде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне Үндістан Республикасының Елшісі Шубшаршини Трипати мен әскери атташе Милан Винаяк Нараваде келді.

Басқарма – төрағасы ректор Т. Ешенқұловтың Үндістан делегациясының өкілдерімен кездесу барысында өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері қозғалды, сондай-ақ делегация университеттің музейін көріп, даму тарихымен танысты.

2015 жылдан бастап Үндістан Ұлттық Кадет Корпусы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті арасында Үндістан мен Қазақстан арасындағы Жастар алмасу және достық қатынастарды дамыту бағдарламасы бойынша өзара түсіністікті нығайту шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесуге әскери кафедраның жетекшісі полковник С. Мұқышев қатысты.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ ЖИЫНДАРЫ

2021 жылдың 2 шілдесінде әскери кафедра студенттерімен оқу жиыны басталды. Оқу жиыны басталар алдында взводтар мен роталардың командалық құрамымен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Әскери кафедра басқарушысының орынбасары, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу-жаттығу жиынының әкімшілігімен таныстырып, оқу жиынын өткізу мерзімі мен негізгі іс-шаралары жеткізілді.

Толығырақ

ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

2021 жылғы 18-19 маусым аралығында Тараз гарнизонының әскери полиция бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының механикалық көлік құралдарына техникалық байқау жүргізді. Ескертулер жоқ.

Толығырақ

2021 ЖЫЛҒЫ ОҚУ ЖИЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілде мен 10 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының үшінші курс студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.

Оқу жиынының бастығы, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедраның цикл бастықтары мен оқытушыларына оқу жиынын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттарды және оқытудың техникалық құралдарын дайындауды тапсырды.

Толығырақ

ҚР ҚК БІЛІМІ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРМЕН САБАҚ ӨТКІЗУ

Әскери кафедра студенттері үшін қашықтан оқыту форматында ҚР ҚК білімі мен даму кезеңдері бойынша сабақ өткізілді.

Аға оқытушы, запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев бүгінгі күні қоғамды сыртқы қатерлерден қорғаудың кепілі болып табылатын мықты және жинақы армияның қалай құрылғаны туралы айтып берді.

Толығырақ

1941-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ ӘЛЕМДІК-ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

2021 жылдың 14 мамырында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында оқу взводының студенттерімен «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің бүкіләлемдік-тарихи маңызы» атты онлайн-конференция өткізілді.

Толығырақ

ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ

«Отан қорғаушылар» күні мен «Жеңіс» күнін мерекелеуге орай, «Бүркіт» полицияға көмек көрсету студенттік жасағы мен «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүшелері Тараз қаласының «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әскери кафедра офицерлері мерекелерге қабырға газеттерін шығарды.

Толығырақ

ҚҰТТЫҚТАУ

«Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында әскери кафедра басқарушысы С.А. Мұқышев Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миниқасым Санғатұлұлының өмірлік зайыбын ұжым атынан құттықтады.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚОРҒАНЫС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫМЕН ТАНЫСТЫ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүше студенттері Қазақстан Республикасының «Қорғаныс туралы» Заңымен қызу танысуда. Заңда билік пен басқару органдарының атқаратын міндеттері қамтылған. Заң бойынша мемлекеттік билік пен басқармалары өз қарамақтарындағы барлық мекемелердің іс-әрекеттері үшін жауап береді.

Конституция бойынша Отан қорғау мен ҚР ҚК-де қызмет ету әрбір қазақстандықтардың міндеті мен парызы. Мемлекет өз аумағының бүтіндігін, қолсұқпаушылығын, бөлінбеушілігін қамтамассыз етеді.

Толығырақ

ЕСТЕЛІК ДӘРІСІ

2021 жылдың 23 сәуірінде әскери кафедраның оқытушысы, запастағы майор Қ.А. Оңалбеков үшінші курс студенттеріне «ҚР бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» атты тақырыпта дәріс өткізді.

Запастағы майор ҚА. Оңалбеков өз сөздерінде ел үшін қиын уақытта әскер басқарған Сағадат Қожахметұлы өмірінің жарқын сәттері туралы айтып берді.

Толығырақ

МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨЗІ, АИТВ-ЖҰҚПАСЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЫҚТИМАЛ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2021 жылғы 12 сәуірде аралығында әскери кафедра студенттерімен маскүнемдік және нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары туралы әңгіме өткізілді.

Отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков студенттерге маскүнемдік пен нашақорлықтың адам мен қоғам үшін қауіптілігі туралы айтып, АИТВ-инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайларымен таныстырды.

Толығырақ

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ А.СУХАМБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА

Әскери кафедра офицерлері запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев және запастағы майор Қ.А. Оңалбеков Кеңес Одағының Батыры А. Сухамбаевтың 100 жылдығына орай, жатақханада тұратын «Ұстаз» институтының студенттерімен іс-шара өткізді.

Студенттерді А.Сухамбаевтың өмірбаянымен таныстырды, сондай-ақ батырдың ерлігі туралы бейнефильмдер көрсетілді. «Кеңес Одағының Батыры А. Сухамбаевқа-100 жыл!» қабырға газетін шығарып, кітап көрмесі ұйымдастырып, «Еріне қарап – елін таңы» атты кітап ұсынылды.

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНЫҢ М.А. Е. ӘМІРБЕКҰЛЫНЫҢ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА КЕЛУІ

2021 жылдың 30 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры м.а., экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы әскери кафедраның оқу материалдық базасымен танысты.

Толығырақ

БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«Наурыз» мерекесі қарсаңында әскери кафедра студенттері неміс – фашист басқыншыларына және жапон милитаристеріне қарсы 7 жыл соғысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Минекасым Сангатуловичтің отбасында болды. Ардагердің өмірлік зайыбы Хайруллина Фания апайдың жер телімін жинауға және қоқыс шығаруға студенттер көмектесті.  

Бұл жасалып отырған қайырымдылық іс-шара әскери кафедра басқарушысы полковник Мұқышев Сағат Амангелдіұлының басшылығымен, бірнеше жылдар бойына жалғасып келе жатқандығын айта кету абзал. Соғыс ардагерінің зайыбы Фания апай студенттерге халқымызға соғыстың біздің халқымызға тигізген зардаптары және соғыс кезінде ел қандай қиындықтарды бастан өткергені туралы айтты.

Толығырақ

НАУРЫЗ - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

2021 жылдың 18 наурызында М.Х. Дулати атындағы өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті. Запастағы майор Қ.А.Оңалбеков НАУРЫЗ мерекесінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін, қазақтың ұлттық дәстүрлерін,т ағамдарын, ойындарын айтып берді.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ

2021 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында запастағы майор К.А. Оңалбеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әскери кафедра студенттеріне жеткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар, құқық бұзушылықтың осы түрі үшін жазаны қатайту туралы айтып, қоғамның немқұрайлы әрекетсіздігінің салдарлары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күреске шақырды.

Мақсаты: студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру, құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Толығырақ

ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ АТЫСТАРЫ

2021 жылдың 10 наурызында кәсіби даярлық жоспарына және «Айша-Бибі» оқу полигонының әскери атыс алаңында оқу атыстарын өткізу кестесіне сәйкес, әскери кафедра офицерлерінің АК-74 Калашников автоматынан жоспарлы атыстары өтті. Атыс жетекшісі қауіпсіздік шараларының талаптары және оқу атыстарының жаттығуларын орындау тәртібі туралы нұсқау өткізді.

Толығырақ
Top