ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАНҒА САЯ

Көктем шыға айналаны абаттандыру, шыбық шаншып, тал егу – игі іс. Оның пайдасын көп көреді.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істің бірі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери  кафедрасының офицерлері де осы дәстүрден жаңылмай, Айша бибі полигоннына тал отырғызды.

Жалпы барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятады. Табиғатпен үйлесімділікке үндейді.

Жасыл желек жанға сая. Ауаны тазартып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендетеді.

 2

3

Top