Әскери-патриоттық жастар форумы

2022 жылдың 16 маусымында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің академик М. Үркімбаев атындағы жастар сарайында,  әскери кафедраның студенттері, Жамбыл облысы жастарының әскери-патриоттық форумына қатысты. Форумда Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал майор Кучекбаев М.М., , Жамбыл облысының прокуроры 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Әбдіров сөз сөйледі.

Толығырақ

Әскери кафедраның оқу жиындары

2022 жылғы 10 маусымда запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери кафедра студенттерімен оқу-жаттығу жиыны басталды. Оқу-жаттығу жиыны басталар алдында взводтар мен роталардың командалық құрамымен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Әскери кафедра оқу жиынының бастығы, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу жиынының жетекшілерімен таныстырып, оқу жиынының өткізілу мерзімі мен негізгі іс-шараларды жеткізді.

Толығырақ

2022 жылғы оқу жиынына дайындық

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 10 мен 28 маусым аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының запастағы сержант бағдарламасымен оқитын студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.

Оқу жиынының бастығы запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедра офицерлеріне оқу-жаттығу жиындарын өткізу ережелері туралы нұсқау берді.

Толығырақ

Техникалық байқау

2022 жылғы 1-2 маусым аралығында Тараз гарнизонының әскери полиция бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының көлік құралдарына техникалық байқау жүргізді. Ескертулер жоқ.

Толығырақ

ОҚУШЫЛАРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

Кәсіби бағдар беру жұмысы және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде 2022 жылғы 4 мен 20 мамыр аралығында Тараз қаласының орта мектеп оқушылары М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасына болды.

Әскери кафедра оқытушылары әскери кафедра аумағы бойынша экскурсия жүргізіп, әскери дайындық бағыттары мен оқуға түсу ережелері, оқушыларды оқу материалдық базасымен, оқу қару-жарағымен және техникаларымен таныстырды.

Толығырақ

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫМЕН САБАҚ

2022 жылғы 11 және 17 мамырда Жамбыл инновациялық колледжінің  студенттері М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды.

Әскери кафедра офицерлері әскери кафедра аумағында сабақ өткізді.

Толығырақ

"Халық қаһарманы" Ыбырайым Сүлейменовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою.

Құттықтау

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев және әскери кафедра студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Хайрулин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын осы айтулы мерекемен құттықтады.

Толығырақ

Гүл шоқтарын қою

 «Жеңіс Күнін» мерекелеу құрметіне әскери кафедра студенттері Тараз қаласының «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі Бауыржан Момышұлы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әскери кафедра студенттері мерекеге орай қабырға газеттерін шығарды.

Толығырақ

Жазушы П. Дүйсенбинмен кездесу

2022 жылдың 5 мамырында Жеңіс күнін атап өту құрметіне орай Тараз қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев пен «Бүркіт» полицияға көмек көрсету жасағының студенттері Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Дарабоз» және «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің «Ұлт батырлары» кітабының тұсаукесеріне қатысты.

Толығырақ

Әскерилендірілген эстафета өткізу

2022 жылдың 29 сәуірінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына және Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығына арналған әскерилендірілген эстафета өтті.

Эстафетада Ауған соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы мен зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы қатысты.

Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздарын дипломдармен және грамоталармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Толығырақ

Ерлік сабағы

2022 жылдың 22-сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл және Жеңіс күніне орай ерлік сабағы өтіп, оған Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің отставкадағы генерал-майоры Ерниязов  Әлімжан Қанағатұлы мен тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Назарбекова Алуа Ахмедиярқызы қатысты.

Толығырақ

«Терроризмге қарсы іс-қимыл» және «Антитерроризмге қарсы объектілердің қауіпсіздігі» тақырыбында өткізілген сабақ.

2022 жылдың 20 сәуірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының өкілі А.А. Ахан  әскери кафедра студенттерімен «Терроризмге қарсы іс-қимыл» және «Антитерроризмге қарсы объектілердің қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.

Сонымен қатар, антитерроризмге қарсы объектілердің қауіпсіздігі туралы бейнефильм көрсетілді.

Толығырақ

БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Ағымдағы жылдың 20 мен 22 сәуір аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының базасында оқытушылар құрамымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-мен бірлескен, Тараз қаласында алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың 25 оқытушы-ұйымдастырушыларына кезекті біліктілікті жоғарылату курстары өткізілді.

Толығырақ

«Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, ВИЧ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізу

2022 жылғы 6 мен 12 сәуір аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, ВИЧ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті, ВИЧ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.

Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

Мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2022 жылғы 12 сәуірде әскери кафедрада Тараз қаласының № 39, 45, 60 мектеп оқушыларымен 37 адам көлемінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылар әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасымен танысты.

Толығырақ

ЕСТЕЛІК ДӘРІСІ

2022 жылғы 12 сәуірде әскери кафедраның аға оқытушысы, отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков студенттерге «Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» атты тақырыпта дәріс өткізді.

Отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков өз сөзінде ел үшін қиын уақытта әскер басқарған Сағадат Қожахметұлы өмірінің жарқын сәттері туралы айтып берді. Дәріс соңында қатысушыларға «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батыры» фильмі көрсетілді.

Толығырақ

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАНҒА САЯ

Көктем шыға айналаны абаттандыру, шыбық шаншып, тал егу – игі іс. Оның пайдасын көп көреді.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істің бірі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери  кафедрасының офицерлері де осы дәстүрден жаңылмай, Айша бибі полигоннына тал отырғызды.

Жалпы барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятады. Табиғатпен үйлесімділікке үндейді.

Жасыл желек жанға сая. Ауаны тазартып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендетеді.

Толығырақ
Top