Наурыз – бейбітшілік пен жақсылықтың мерекесі

2023 жылдың 17 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті. Запастағы подполковник М.Ф. Алибеков НАУРЫЗ мерекесінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін, қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тағамдарын, ойындарын айтып берді. Әңгіме соңында барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Офицерлер дәстүр бойынша әскери кафедраның аумағына арша отырғызды және  қабырға газеті жасалды.

 2

3

4

Top