«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

2020 жылы 9 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.

Толығырақ

ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАСАҒЫН ІРІКТЕУ (ПККЖ)

28-30 қазан аралығында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасында полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жетекшісі запастағы подполковник А. А. Дүйсенбаев жасақ құрамына енгізу үшін екінші курс студенттері арасында іріктеу өткізді.

Жетекші студенттерге оқу жылы бойы полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жұмысы бойынша негізгі ережелерді жеткізді.

Толығырақ

«СУИЦИД, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ»

Әскери кафедра студенттерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Суицид әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, іс-әрекеттің себептері мен шарттары» тақырыбында әңгіме жүргізілді.

Әскери кафедраның аға оқытушысы отставкадағы подполковник У.Ж. Жұмабеков студенттерге күйзеліске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты нығайтатын және қолдайтын тиімді мінез-құлық стратегияларын, өзін-өзі реттеу техникасын ұсынды.

Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІ «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ

2020 жылғы 12 және 13 қазанда әскери кафедра студенттеріне қашықтықтан «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев тыңдаушыларды әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Толығырақ

«ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН САБАҚ

2020 жылғы 5 және 6 қазанда әскери кафедра студенттерімен «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» тақырыбында қашықтықтан таныстыру дәрісі өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерге экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарын жеткізді.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында әскери кафедра студенттерімен 2020 жылдың 7 мен 9 қыркүйек аралығында қашықтықтан онлайн форматта әңгімелер өткізілді. Офицер-кураторлар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың мәдениеті мен тарихы, қазақ тілінің дамуы мен таралуы, балаларды барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу рухында тәрбиелеу туралы айтып берді.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес әскери кафедрада 2020-2021 жаңа оқу жылы басталды.

Коронавирустық пандемияға байланысты дәріс сабақтары қашықтықтан өткізіледі, әскери кафедрада практикалық сабақтар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Толығырақ

2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының кеңесінде әскери кафедра басқарушысының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков 2019-2020 оқу жылындағы студенттерді оқытудың қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2020-2021 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және өткізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларды және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеті қойылды.

Толығырақ

БІТІРУ ЕМТИХАНДАРЫ

Бітіру емтихандары 2020 жылдың 21, 22 және 24 тамызында басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес өткізілді.

Оқу-жаттығу жиыны жеке құрамның сапқа тұруымен аяқталды, онда оқуда тәртіпте жақсы жетістіктерге жеткен және әскери кафедраның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.

Толығырақ

Әскери ант

2020 жылдың 19 тамызында әскери кафедра студенттері санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, әскери кафедраның саптық алаңында салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шарада «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректор педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сарыбеков сөз сөйледі.

Іс-шара студенттердің взвод құрамында саптық әнді орындап жүріп өтуімен аяқталды.

Толығырақ

Инженерлік қару-жарақ машиналарын жүргізу

2020 жылғы 12 тамызда студенттермен әскери-техникалық мектептің көліл жүргізу алаңында инженерлік қару-жарақ машиналарын жүргізу бойынша сабақтар өтті. Жетекшілер сабақтың алдында студенттерге жүргізу кезіндегі нұсқауға сәйкес қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

 Көлік жүргізу аяқталған соң әрбір студентке тапсырманы орындағаны үшін оның бағасы қойылды.

Жаттығу барысында әскери кафедра студенттері инженерлік техниканы жүргізу негіздері мен ережелерін үйренді.

Толығырақ

Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Қ. Қапезовтың әскери кафедраға келуі

2020 жылғы 12 тамызда Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Қ. Қапезов әскери кафедрада болды. Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев оны әскери кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникасымен таныстырды.

Сапарының соңында әділет полковнигі А.Қ. Қапезов құрметті келушілер кітабына жазба жасап, Қазақстандағы әскери білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, қазақстандық жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде және Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді даярлауда одан әрі табыс тіледі.

Толығырақ

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор А. Ашировтың әскери кафедраға келуі

2020 жылғы 11 тамызда Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор А.К. Аширов М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасына болды. Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев әскери кафедраның оқу материалдық базасымен және оқу жиыны кезінде сабақтардың өткізілу тәртібімен таныстырды.

Толығырақ

Оқу атулары

2020 жылғы 6 және 7 шілдеде «Айша Бибі» оқу полигонының әскери атыс алаңында қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, оқу жиынының студенттері Калашников автоматынан (АК-74) оқу атыстарының жаттығуын орындады.

Студенттер атыс қаруынан оқ атуды орындауға қажетті дағдыларды меңгерді.

Толығырақ

Студенттердің оқу жиынының басталуы

2020 жылдың 20 шілдесінде әскери кафедрада оқитын студенттер үшін оқу жиыны басталды. Коронавирус пандемиясына байланысты оқу жиынының теориялық бөлігі қашықтықтан, ал практикалық бөлімі (оқу атыстары, көлік жүргізу) оқу полигонында және әскери бөлімдерде жүргізілетін болады.

Оқытушылар онлайн-режимде қауіпсіздік шаралары мен сабақтарды өткізу тәртібі бойынша сабақтар өткізді.

Толығырақ

2020 жылдың оқу жиынына дайындық

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 20 шілде мен 24 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының үшінші курс студенттерімен оқу жиыны өтеді.

Осыған орай, оқу жиынының бастығы запастағы подполковник М.Ф. Алибеков оқу жиынын өткізу және ұйымдастыру үшін, цикл бастықтары мен әскери кафедра оқытушыларына оқу материалдық базаны, әдістемелік құжаттарды және оқытудың техникалық құралдарын дайындауға тапсырма берді.

 

Толығырақ

Техникалық қарау

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығының талаптарына сай және Тараз  гарнизоны бастығының бекітілген кестесі бойынша 2020 жылдың 10 мен 11 маусым аралығында  Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында механикалық транспорт құралдары мен тіркемелеріне техникалық қарау өткізілді.

Тексеру барысында механикалық транспорт құралдары мен тіркемелерінің ақаулары анықталған жоқ. М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің әскери кафедрасындағы ұсынылған техникалар техникалық қараудан өтті.

Толығырақ

Құттықтау

Құттықтау

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев Ұлы Отан соғысының ардагері Хайрулин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын осы айтулы мерекемен құттықтады.

Әскери кафедра ұжымы ол кісіге азық-түлік себетін табыс етіп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.

Толығырақ
Top