ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ

«Отан қорғаушылар» күні мен «Жеңіс» күнін мерекелеуге орай, «Бүркіт» полицияға көмек көрсету студенттік жасағы мен «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүшелері Тараз қаласының «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әскери кафедра офицерлері мерекелерге қабырға газеттерін шығарды.

Top