«Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, суицидтік әрекеттердің себептері мен шарттары» тақырыбында студенттермен дәріс-әңгіме өткізу

2023 жылдың 20 наурызында әскери кафедра студенттерімен «Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, суицидтік әрекеттердің себептері мен шарттары» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді

Оқытушы запастағы полковник Д. Н. Ориненко студенттерге стреске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты, өзін-өзі реттеу техникасын қолдайтын және нығайтатын тиімді мінез-құлық стратегияларын жеткізді.

Бұл дәрістің мақсаты студенттердің бойында әлеуметтік мінез-құлық қаупін азайтуға ықпал ететін адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Толығырақ

Наурыз – бейбітшілік пен жақсылықтың мерекесі

2023 жылдың 17 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті. Запастағы подполковник М.Ф. Алибеков НАУРЫЗ мерекесінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін, қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тағамдарын, ойындарын айтып берді. Әңгіме соңында барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Офицерлер дәстүр бойынша әскери кафедраның аумағына арша отырғызды және  қабырға газеті жасалды.

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 11 наурызында М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында, әскери кафедраның цикл бастығы запастағы подполковник Д. Қалилаев Жамбыл облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысына қатысты.

Толығырақ

8-наурыз күнімен!

8 наурыз мерекесіне орай, әскери кафедраның ер азаматтары университет әйелдерін құттықтап, әскери кафедраларға құттықтау хаттарын жолдады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Санғатұлұлының жұбайын құттықтады.

Әскери кафедра офицерлері 8-наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

«Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізу

2023 жылғы 7 наурызында аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.

Аға оқытушы запастағы полковник Н.К. Егезеков студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті,  АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.

Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізу

2023 жылдың  3 наурызында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Аға оқытушы запастағы полковник С.В. Насекин студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Толығырақ

«Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында сабақ

2023 жылғы 22 ақпанда Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі С. Әсемқұлов пен бөлімінің офицері әділет капитаны Т. Далибаев әскери кафедрасының офицерлері және студенттерімен «Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ

Білім көрмесі

2023 жылғы 20 ақпанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасы Б. Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясында өткен білім беру көрмесіне қатысты.

Толығырақ

«Ауған соғысының ардагері полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың ерліктері»

2023 жылғы 14 ақпанда әскери кафедрада «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттерімен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауған соғысының ардагері полковник Б. Керімбаевтың Панжшир шатқалындағы ерліктері» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Әскери-патриоттық клуб жетекшісі запастағы полковник К.Ш. Сағымбаевтың сөзі 177-ші арнайы мақсаттағы жеке жасақ командирінің ерліктері туралы деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді.

Толығырақ

Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қою

2023 жылдың 15 ақпан күні «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клуб студенттері Тараз қаласындағы «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қойды.

Рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының заңы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» студенттерге жеткізу

2023 жылдың 14 ақпанында әскери кафедрада лаңкестік әрекеттердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылықтан бас тарту сезімін ояту мақсатында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерді Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңымен таныстырды.

Сөз сөйлеу барысында студенттерге осы заңда қолданылатын жалпы ережелер, ұғымдар, терроризмге қарсы іс-қимылдың принциптері мен мақсаты туралы ақпарат берілді.

Толығырақ

Әскери кафедраның жоғары курс түлектерімен және студенттерімен үгіт-насихат іс-шарасы

2023 жылғы 10 ақпанда әскери кафедраның акт залында 143 адамнан тұратын жоғары курс түлектерімен және студенттерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

Іс-шараға: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының кадр жұмысы басқармасының бастығы подполковник Е.Е. Қазыбаев және 28903 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник А.Ж. Ташкеев қатысты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының өкілдері ҚР Қарулы Күштері туралы баяндама жасап, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының негізгі ережелерін, армияның имиджі мен әскери қызмет өткерудің артықшылықтары туралы айтып, әскери қызметке шақыру үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық ұсыныстар берді және әскери кафедра түлектерін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарында лайықты орын алуға шақырды.

Толығырақ

Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні

2023 жылдың 10 ақпанында әскери кафедра студенттерімен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына арналған «Ерлік сабақтары»  өтті.

Бұл іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері отставкадағы генерал-майор А.К. Ерниязов, запастағы кіші сержант Б. Мұсаев шақырылды. Соғыс ардагерлері Ауған соғысы туралы естеліктерімен бөлісті.

Жауынгерлердің сөйлеген сөздері Ауған соғысының оқиғалары туралы деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді. Осы іс-шараның соңында шақырылған қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.  

Толығырақ

«Орталық Азия мен Қазақстандағы терроризм мен экстремизм»

2023 жылдың 8 ақпанында әскери кафедра студенттерімен цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев «Орталық Азия мен Қазақстандағы терроризм мен экстремизм» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, экстремизм мен терроризмнің көрінісі, Орталық Азия мен Қазақстанда таралуының себептері мен салдары туралы мәселелер қарастырылды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі

2023 жылдың  8 ақпанында әскери кафедра студенттерімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев жиналғандардың назарына мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан жоғары сенімнің көрінісі болып табылатынын және мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық қасиеттеріне ерекше талаптар қойылатынын жеткізді.

Толығырақ

Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор И.В.Панфиловтың туғанына 130 жыл толуына арналған іс-шаралар.

2023 жылдың 3-ақпанында әскери кафедрада  Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор И.В. Панфиловтың туғанына 130 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті.

Өз сөзінде отставкадағы майор Қ.А. Оңалбеков, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың өмірбаянын, сонымен қатар 28 панфиловшылардың ерлігі туралы айтты.

Іс-шара соңында студенттер Кеңес Одағының Батырын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

Мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап әскери кафедрада Тараз қаласы мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы басталды.

Бүгінгі таңда әскери кафедрада №21, №23, №24, №31, №41 орта мектептер болды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылар әскери кафедраға түсу тәртібімен және оқу материалдық базасымен танысты.

Толығырақ

Жаңа 2023 жыл құтты болсын !!!

Әскери кафедра басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері М.С. Хайруллинің жұбайын, сондай-ақ ұжымды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтады.

Толығырақ
Top