Әскери ант

2023 жылдың 30 шілдесінде әскери кафедраның саптық алаңында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын оқу жиынының студенттері салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Іс-шара студенттердің салтанатты маршпен және саптық әнді орындап өтуімен аяқталды.

Толығырақ

Астана күні

2023 жылдың 4-шілдесінде оқу-жаттығу жиынының студенттерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылатын, Астана күніне арналған іс-шара өткізілді.

Толығырақ

Әскери кафедра ұжымы оқу жиынындағы студенттерді «Астана күні» мерекесімен құттықтады.

Әскери кафедраның оқу жиыны

2023 жылдың 29 маусымында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын әскери кафедра студенттерімен оқу жиынын өткізу басталды. Оқу жиыны басталар алдында взводтар мен роталардың командалық құрамымен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Әскери кафедра бастығының орынбасары, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу жиынының жетекшілерімен таныстырды, оқу жиынын өткізу мерзімдері мен негізгі іс-шаралар жеткізілді.

Толығырақ

Әскери ант

2023 жылдың 25 маусымында әскери кафедраның саптық алаңында запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқу жиынының студенттері салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Іс-шара студенттердің салтанатты маршпен және саптық әнмен жүріп өтуімен аяқталды.

Толығырақ

Оқу-жаттығу жиынында дойбы мен шахматтан жарыстар

Әскери кафедраның оқу жиыны

2023 жылғы 9 маусымда запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтіп жатқан әскери кафедра студенттерімен оқу жиынын өткізу басталды. Оқу жиыны басталар алдында взводтар мен роталардың командалық құрамымен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.   

Әскери кафедраның оқу жиының бастығы, запастағы подполковник М. Ф. Әлібеков студенттерді оқу жиынының әкімшілігімен таныстырып, оқу жиынын өткізу мерзімдері мен негізгі іс-шараларды жеткізді.

Толығырақ

ОҚУШЫЛАРМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2023 жылғы 8 маусымда студенттік жастарға кәсіби бағдар беру және әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің бірінші курс оқушылары М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды.

Әскери кафедра оқытушылары әскери кафедра аумағы бойынша экскурсия өткізді, әскери дайындық бағыттары мен қабылдау ережелері туралы әңгімелеп, оқушыларды оқу материалдық базасымен, оқу қару-жарағымен және техникасымен таныстырды.

Толығырақ

Техникалық байқау

2023 жылғы 6 маусым аралығында Тараз гарнизонының әскери полиция бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының механикалық көлік құралдарына техникалық байқау жүргізді. Ескертулер жоқ.

Толығырақ

Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 24-31 мамыр аралығында Дулати университетінің әскери кафедрасында Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, оларға әскери кафедраның өмірі мен қызметі, оқу материалдық базасы және әскери кафедраға түсу тәртібі таныстырылды.

Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері Хайрулин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын Жеңіс күнімен құттықтау.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

2023 жылғы 5 мамырда әскери кафедрада студенттермен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында қазақтан шыққан ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы «Халық қаһарманы Хиуаз» деректі фильмі және «Қаһарман қыз – Хиуаз» слайд презентациясы көрсетілді. Тыңдаушылар мен студенттер ұлы ата-бабалардың ерліктерін ұмытпау керектігі,  соның арқасында жер бетіндегі бейбітшілік болып жатқандығы туралы рухани білім алды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

Толығырақ

Ерлік пен елдік ұлықталды

«Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мерекелеріне орай әскери кафедра студенттері Тараз қаласының «Ерлік» мемориалдық кешенінде Жамбыл облысынан шыққан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдері жазылған тұғырларға және Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қаза тапқан жауынгер-батырларды еске алу рәсіміне қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

Ерлік сабағы

2023 жылы 4 мамырда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында запастағы оқытушы полковник Қ.К. Ділдақұлов әскери кафедра студенттерімен "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызы"тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

Ерлік сабағы-жастар арасында патриотизм рухын көтеруге бағытталған іс-шара.

Толығырақ

Әдебиет көрмесі

2023 жылғы 4 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында әскери кафедрада кітап көрмесі, газет-журналдарда жарияланымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясында әскери кафедрада тарихи-патриоттық тақырыптағы деректі мұрағат материалдары, газеттер мен кітаптар, жауынгерлердің жанқиярлық батылдығы, Отан алдындағы жасалған ерліктері туралы баяндалады.  

Толығырақ

Оқу взводтары арасындағы байқау

2023 жылғы 2 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шараны мерекелеу қарсаңында әскери кафедрада «Әскери қызметке үздік даярлық конкурсы» өткізілді.

Толығырақ

Әскерилендірілген эстфета

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай және студенттік жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында гидрокешен стадионында әскери кафедрада оқитын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Халықаралық Тараз Инновациялық институты студенттерінің қатысуымен әскерилендірілген эстафета өткізілді. Әр командаға барлығы 10 адамнан тұратын 12 команда қатысты.

Толығырақ

«ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ДӘРІС

Әскери кафедрада 2023 жылғы 28 сәуірде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Тараз Басқармасының әскери полиция өкілі подполковник С. Әсемқұлов өткізді.

 Бұл дәрістің мақсаты студенттер мен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасының негізгі нормаларын жеткізу болды.

 Дәріс соңында әскери полиция өкілі әскери кафедра қызметкерлері мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ
Top