Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні

2024 жылғы 14 ақпанда әскери кафедрада студенттермен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» өткізілді.

Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі-әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры А.Е. Тұрлыбек, Ауған соғысының ардагерлері запастағы сержант Б.Р. Таңатаров, запастағы сержант   Е. Жилгельдиев, запастағы кіші сержант Б. Мұсаев шақырылды.

Соғыс ардагерлері мен жауынгерлері Ауғанстандағы соғыс туралы естеліктерімен бөлісті, олардың ерлік, қаһармандық және Отан алдындағы борыш туралы көзқарастарымен бөлісті. Жауынгерлердің сөз сөйлеуі Ауғанстан оқиғалары туралы деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді.

 2

3

4

Top