КӘСІБИ ДАЯРЛАУ

Әскери кафедраның 2021-2022 оқу жылына бекітілген жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 29 желтоқсанынан 2022 жылдың 6 қаңтарына дейін жоғарыда аталған сабақтар толық көлемде жақсы әдістемелік деңгейде өткізілді.

Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

2021 жылдың 24 желтоқсанында «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүшелері Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы, қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор К.С. Қарақұлов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник О.К. Кучуков, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагерлері:  А.Б. Жарболов, А.Р. Қазиев, А.К. Ерниязов қатысты.

Салтанатты шараға қатысушылар батыр Бауыржан Момышұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Дулати университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Талғат Ешенқұлов, әскери кафедраның офицерлері мен студенттері қатысты.

Салтанатты іс-шарада полковник С. Мұқышев – білім беру жолындағы қажырлы еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясының құрмет грамотасымен, запастағы подполковник        М. Әлібеков – Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевтың алғыс хатымен, запастағы майор К. Оңалбеков – «Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары» үшін төсбелгімен, отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хатыменектордың  марапатталды.

Сондай-ақ мерекеге әскери кафедра офицерлері қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫРЫ!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында орта мектеп, колледж оқушылары мен университет студенттерін әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай, 2021 жылдың 9 желтоқсанында аға оқытушы, запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев әскери кафедраның студенттерімен «Отан үшін отқа түс – күйейсің»тақырыбында әңгіме өткізді.

Әңгіменің мақсаты: қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын қазіргі заман тұрғысынан жан-жақты және терең қарастыру, халық батырының адамгершілік мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының жастарын патриоттық тәрбиелеу.

Толығырақ

ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ НОРМАТИВТЕРІН ҮЗДІК ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

2021 жылдың 29 қарашасы 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университет» КЕАҚ әскери кафедрасында әскери кафедра студенттері арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау бойынша байқау» өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мадақтамалармен марапатталды:

№ 1 оқу орны - АК - 74 Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру.

1 орын - Шермаханбетов М.Г. (811 оқу взводы, куратор запастағы полковник С.В. Насекин.)

№ 2 оқу орны - жалпы әскери қорғаныс жиынтығын ОЗК және газтұмылдырықты кию.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ, ЕҢБЕГІ МЕН ҮЛЕСІ

2021 жылдың 24 мен 30 қараша аралығында әскери кафедраның акт залында студенттермен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі, еңбегі мен үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отставкадағы подполковник, аға оқытушы Ұ.Ж. Жұмабеков Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи рөлі, сіңірген еңбегі және орасан зор үлесі туралы айтып берді.

Мақсаты: Қазақ халқының көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы білімдерін кеңейту.

Әскери кафедра студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАСАҒЫНА НҰСҚАУЛЫҚ ӨТКІЗУ

2021 жылдың 4 қарашасында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасында полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жетекшісі запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев арасында құқықтық тәртіп талаптарын, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша екінші және үшінші курс студенттеріне нұсқаулық өткізді.

Жетекші студенттерге оқу жылы бойы полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жұмысы бойынша негізгі ережелерді жеткізді.

Толығырақ

«МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕ

2021 жылдың 17 қараша күні әскери кафедра студенттерімен маскүнемдік және нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары туралы әңгіме өткізілді.
Аға оқытушы, отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, сондай – ақ, ішімдіктің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтіп, АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайларымен, оның алдын алу және пайда болу себептерін ашып берді.
Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

2021 жылдың 17 қарашасында әскери кафедра студенттерімен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев 2018 жылдың 21 қарашасында Ақорда сайтында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланғанын, оның басты назарында ел тарихы мен халықтың жаһандық тарихтағы рөлін объективті түсіну қажеттігі тұрғанын атап өтті.

Дәріскер мақалада қазақстандық даланың адамзатқа сыйға тартқан жеті нәрсе келтірілгенін атап өтті. Олардың қатарында атқа міну мәдениеті, Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақтың Отаны бар. Бұдан әрі мақаланың екінші бөлімі тарихи сананы жаңғыртуға арналған, онда Н.Ә. Назарбаев бірден бірнеше ірі жобаларды іске асыруды ұсынады. Олар дүниетанымның, Қазақстан халқының өткені, бүгіні және болашағының іргелі негіздерін ұғынуға көмектесуі тиіс.
Әңгіме студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Түрлі аспектілер бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

Толығырақ

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

2021 жылы 9 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында дәріс өткізді. Цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу шараларын талқылау, студенттердің азаматтық ұстанымын, патриоттылығын қалыптастыру, саяси сауаттылығын арттыру.

Толығырақ

ҚР ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ

2021 жылғы 10 қарашада әскери кафедраның запастағы полковнигі С.В. Насекин студенттеріге «29.09.2017 ж. № 554  ҚР Әскери доктринасы» тақырыбында дәріс жүргізді.

Дәріс беруші студенттерге Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдардың алдын алуға, әскери құрылысқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесі болып табылатынын жеткізді.

Мақсаты: Білім алушыларға «Әскери доктрина» ұғымын түсіндіру. Олардың бойында отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге деген ынтасын тәрбиелеу.

Толығырақ

«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ Б. ЕРТАЕВПЕН КЕЗДЕСУ

2021 жылғы 1 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант Б. Ертаевпен  кездесу өтті.

Іс-шараға университеттің, Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері және ауған-жауынгерлері қатысты. Іс-шара барысында университет ректоры Т. Ешенқұлов қатысушыларды университеттің стратегиясымен таныстырды. Қатысушылар университет мұражайы мен Б. Ертаев атындағы кабинетке көріп шықты.

Іс-шара соңында университет қызметкерлері  мен ауған-жауынгерлері «САУАП» және «ЖАУЫНГЕРЛІК АЙБЫНЫ ҮШІН» төсбелгілерімен марапатталды.

Толығырақ

«БОЛАШАҚ САРДАР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНА ҚОСУ

Әскери кафедрада 2021 жылдың 27 қазанында студенттерді «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына қосу бойынша кезекті отырыс өтті. «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының қатарына жаңадан таңдалған екінші курс студенттері салтанатты түрде қабылданды.

Толығырақ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ІС-ШАРАСЫ

14 қазан сағат 15.00-де. әскери кафедраның мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша түлектермен үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Іс-шараға Тараз қ. ҚІБ тәрбие, идеологиялық жұмыстар және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бастығы майор М.Ә. Исенбаев, Тараз қ. ҚІБ әскери техникалық мектептің әскери дайындық және бастапқы әскери дайындық жөніндегі инспекторы Ю.А. Пак, тәрбие және идеологиялық жұмыс және ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы Н.Г. Аляева, әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев және 86 түлек қатысты.

Толығырақ

«COVID – 19 САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

2021 жылғы 7 қазанда әскери кафедра студенттерімен «COVID – 19 сақтық шаралары» тақырыбында әңгіме болды.
Әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Н.К. Егизеков студенттерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын жеткізді.

Толығырақ

«ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ

2021 жылдың 7-8 қазанында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Толығырақ

ДАЛА ЖАҒДАЙЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ

2021 жылдың 4 мен 8 қазан аралығында полигонда запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпы тактика» пәні бойынша «Инженерлік жабдықтар және позицияларды бүркемелеу» тақырыбында тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Тәжірибелік сабақтарда студенттер дала жағдайында бір адамдық окопты жабдықтау және бүркемелеу бойынша мәселелерді пысықтады.

Толығырақ
Top