Әскери саланың ғалымы

Әскери ғылымның қыр-сырын екінің бірі біле бермейді. Қорғаныс саласының мықты мамандарын даярлау үшін де ғылыми негіз керек. Сондықтан әскери ғылымдар мамандығы бойынша білім беру ісіне баса мән беріледі. Бұл бағытта нақты жоспарлар шеңберінде жұмыс жүргізіледі. Жақында әскери ғылымдар мамандығы бойынша осы салада көп жылғы ізденісте жүрген ғалымдарға профессор ғылыми атағы берілгені – соның бір көрінісі.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 378 бұйрығы негізінде 20.00.00 – әскери ғылымдар мамандығы бойынша Сағат Амангелдіұлы Мұқышевқа

қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Әріптесімізді ғылым жолында қол жеткізген жетістігімен құттықтаймыз!

Top