Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А. Ж. Байсалбаев әскери кафедраға келуі

2022 жылы 23 қарашада Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Ж. Байсалбаев М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды. Әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев оны әскери кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникасымен таныстырды.

Сапарының соңында әділет полковнигі А.Ж. Байсалбаев құрметті қанақтар кітабына жазба жасап, Қазақстандағы әскери білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, Қазақстандық жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде және Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды даярлауда одан әрі табыс тіледі.

 2

3

4

Top