Бауыржан Момышұлы - қазақ халқының батыры

2022 жылғы 2 желтоқсанда әскери кафедра студенттерімен қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, Қазақ халқының аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай «Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ұлы перзенті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі А. А. Найзабаев қатысты.

Әңгіме мақсаты: қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын қазіргі заман тұрғысынан жан-жақты және терең қарастыру, халық қаһарманының адамгершілік мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының жастарына патриоттық тәрбие беру.

 2

3

Top