Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

2023 жылғы 20 қазанда әскери кафедрада студенттерімен «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы деректі фильмдер, Ленинградты азат ету тарихы, слайдтар көрсетіліп, Әлияның хаттары, патриоттық әндер, өлеңдер оқылды.

Тыңдаушылар мен студенттер ұлы ата-бабалардың ерліктерін ұмытпау керектігі, солардың арқасында жер бетінде бейбітшілк орнағаны туралы рухани білім алды.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

494e07b2 5152 4dd3 ab63 1c0086bda518

Top