КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ А.СУХАМБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА

Әскери кафедра офицерлері запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев және запастағы майор Қ.А. Оңалбеков Кеңес Одағының Батыры А. Сухамбаевтың 100 жылдығына орай, жатақханада тұратын «Ұстаз» институтының студенттерімен іс-шара өткізді.

Студенттерді А.Сухамбаевтың өмірбаянымен таныстырды, сондай-ақ батырдың ерлігі туралы бейнефильмдер көрсетілді. «Кеңес Одағының Батыры А. Сухамбаевқа-100 жыл!» қабырға газетін шығарып, кітап көрмесі ұйымдастырып, «Еріне қарап – елін таңы» атты кітап ұсынылды.

Іс-шара барысында офицерлер студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

 
 
Top