ЕСТЕЛІК ДӘРІСІ

2021 жылдың 23 сәуірінде әскери кафедраның оқытушысы, запастағы майор Қ.А. Оңалбеков үшінші курс студенттеріне «ҚР бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» атты тақырыпта дәріс өткізді.

Запастағы майор ҚА. Оңалбеков өз сөздерінде ел үшін қиын уақытта әскер басқарған Сағадат Қожахметұлы өмірінің жарқын сәттері туралы айтып берді.

Дәріс соңында қатысушыларға «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары-Сағадат Нұрмағамбетов» фильмі көрсетілді.

Top